Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздің басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланд...

Еліміздің басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Әлеумет 10.04.2024, 03:00 851
Еліміздің басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды
Сурет: интернеттен

Қар, жаңбыр жауып, су деңгейінің көтерілуі мүмкін екені болжанды.


"Қазгидромет" РМК 2024 жылдың 10-12 сәуір аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт өзгеруі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Синоптиктердің мәліметінше, республикамыз бойынша қатты жауын-шашын мен жел болып, салдарынан су деңгейінің көтерілу қаупі жоғарылайды.


10 сәуірде Ақмола облысында түнде қар аралас жаңбыр, күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.


Су деңгейі жоғарылай түседі деп күтіледі. Ведомство су қауіпті межеден асқан кезде өзен жағасында және оның ағысы бойынша төмен орналасқан елдімекендерді, шаруашылық нысандарды, жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталатынын ескертті.


10 сәуірде Астанада түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.


Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында синоптиктер оңтүстік-батыстан 20 м/с, кей тұста 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғатынын болжайды.


Солтүстік Қазақстан облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз негізінен жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Петропавлда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, күндіз жаңбыр жауады деп болжанады. Түнде және таңертең тұман болады.


Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, найзағай болады деп болжанады.  Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оралда аракідік қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.


Түнде Ақтөбе облысының шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түсуі ықтимал.


Семейде (Абай облысы) жаңбыр жауады. Күндіз қаланың батысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.


Өскеменде (Шығыс Қазақстан облысы) жаңбыр жауады. Күндіз оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с дейін жетеді.


Павлодар облысында жаңбыр жауады, түнде облыстың солтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде, батысында батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Павлодарда жаңбыр жауады.



"10 сәуірде түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында синоптиктер жаңбыр жауады деп болжайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады. Күндіз батыстан соққан желдің екпіні 20 м/с дейін жетеді. Қарағандыда жаңбыр жауады деп күтіледі. Мүнда батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды", делінген "Қазгидромет" РМК ақпаратында.



Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр жауады, батыстан жел соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Жезқазғанда аракідік жаңбыр жауады.


Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал.



"Қостанай облысында жауын-шашынның көп түсуіне байланысты 2024 жылы 10-12 сәуір аралығында қар қарқынды еріп, сондай-ақ облыстың солтүстік және шығыс өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуі жалғасады. Судың сыни межеден асуы мүмкін", деді "Қазгидромет" РМК.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жаңбыр #Қар #жел #тұман #Ескерту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.