Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздің әуежайларында пилоттық режимде жаңа жоба...

Еліміздің әуежайларында пилоттық режимде жаңа жоба іске қосылады

Әлеумет 05.09.2022, 06:33 1,120
Еліміздің әуежайларында пилоттық режимде жаңа жоба іске қосылады
Сурет: Hdpic.club

Жоба «Кезекпен отырғызу» деп аталады. 


10 қыркүйектен бастап Қазақстан әуежайларында пилоттық режимде «Кезекпен отырғызу» жобасы басталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Азаматтық авиация комитетінің мәліметіне сенсек, жобаның негізгі идеясы – жолаушыларды кезек технологиясы бойынша, яғни топтап отырғызу, бұл әуежайлардағы азаматтарға қызмет көрсету сапасы мен жылдамдығын айтарлықтай арттырады.


Оның аясында жолаушыларды отырғызу тәртібі әуе кемесінің бортында алатын орнына байланысты жүзеге асады.


Бұл ретте еріп жүретін адамдары жоқ балалар мен жүріп-тұруы шектеулі жолаушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес басым тәртіппен негізгі кезектен тыс өтетін болады.


Қазіргі уақытта жолаушыларды отырғызу процесі еріп жүретін адамдары жоқ балалар мен жүріп-тұруы шектеулі жолаушыларды басым отырғызуды қоспағанда, арнайы технологиясыз жүреді.


Салдарынан әуе кемесінің бортына отырғызу жарияланғаннан кейін телескопиялық траптың қақпасының жанында жолаушылардың топтасып, кептеліп тұрып қалады.


Кезекпен отырғызу технологиясын енгізу жоғарыда аталған жағдайлардың оң шешімі болады деген болжам бар.


«Пилоттық жобаға Air Astana, Fly Arystan және SCAT авиакомпаниялары қатысады. Кезекпен отырғызу телескопиялық траптары бар әуежайларда ғана жүргізіледі: Нұр-Сұлтан, Ақтау, Ақтөбе, Түркістан және Қарағанды қалаларында. Жоба үш айға есептелген, содан кейін кезекпен отырғызуды одан әрі қолдану немесе қолданбау жөнінде шешім қабылданады», - делінген хабарламада.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұшақ #жоба #кезекпен отырғызу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.