AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізден балықтың кейбір түрлерін экспорттауға ты...

Елімізден балықтың кейбір түрлерін экспорттауға тыйым салынбақ

Әлеумет 09.03.2023, 11:39 1,066
Елімізден балықтың кейбір түрлерін экспорттауға тыйым салынбақ
Сурет: Еgemen.kz

Құжат 14 наурызға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.


Қазақстанда балықтың кейбір түрлерін экспорттауға тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті "Өңделмеген балықтың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға тыйым салуды енгізу туралы" бұйрық әзірледі.



"Жаңа мұздатылған немесе салқындатылған балықтың жекелеген түрлерін (жайын және көксерке) шығаруға 6 ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", деп жазылған бұйрықта.



ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің түсіндіруінше, қайта өңделмеген балықты экспорттауға тыйым салу мәселесі Мемлекет басшысының 2022 жылғы 8 қарашада Атырау облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмасын орындау үшін пысықталды.


Статистика деректері бойынша, өңделмеген балық экспортының барлық көлемінен үлесі ( жылына 22,5 мың тонна) – 12,3 мың тонна болды (55%).



"Өз кезегінде, 2022 жылы барлық өңдеу кәсіпорындардың жалпы өндірістік қуаты 31,2 мың тонна балық қайта өңделді, жылына 142 мың тоннаға жуық болатын, яғни жүктеме 22% болды. Кәсіпорындардың жұмыс істемеунің себептерінің бірі балық шикізатының жетіспеушілігі. Осы мәселе бойынша теңдестірілген және ұтымды шешім қабылдау үшін ҚР ЭТРМ балық шаруашылығы субъектілерімен, бизнес өкілдерімен және барлық мүдделі тараптармен шектеулер енгізу мәселесін талқылау бойынша бірқатар кеңестер өткізді", – деп түсіндірді ведомство.



Осыған байланысты, талқылау барысында айтылған кәсіпкерлік субъектілерінің пікірлерін ескере отырып, бастапқы кезеңде 6 ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттағы үлесі 10% - дан аз жаңа мұздатылған (салқындатылған) және мұздатылған балықтардың, жайын мен көксеркенің экспортын шектеу ұсынылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балық #экспорт #Талқылау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);