Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздегі тұңғыш жаңғақ бағы Алматы облысында жай...

Еліміздегі тұңғыш жаңғақ бағы Алматы облысында жайқалып тұр

Әлеумет 01.11.2022, 04:19 1,083
Еліміздегі тұңғыш жаңғақ бағы Алматы облысында жайқалып тұр
Сурет: 24.kz

Алматы облысында қазақ топырағында көп кезедесе қоймайтын жеміс ағашын өсіріп отырған шаруа бар.


Мәншүк Жексембекова – жай шаруа ғана емес, биология ғылымдарының докторы. Ұзақ жылдар бойы биотехнология саласында зерттеу жүргізген. Сөйтіп, зерттеуін іс жүзінде көрем деп бір кездері Алматы облысының Түрген ауылына табан тірейді. Әкесі де бағбан болған екен. Енді осы бір кәсіпті ғылыммен ұштастырып, табыстың көзін тапқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.24.kz-ке сілтеме жасап.


Диқандардың еңбегі Мәншүк Жексембековаға бала кезінен таныс. Оның әкесі де – жер емген шаруа. Ауылға келіп, жеке шаруашылығын жолға қойған Мәншүк қазір алты бағытта кәсібін дөңгелетіп отыр. Соның бірі – 81 гектар жерді алып жатқан бақ. Мұнда грек жаңғағы, бадам және фундук егілген. Жаңғақтың соңғы түрін 2017 жылдан бастап өндірістік ауқымда өсіріп келеді. Қазақстанда бұған дейін жаңғақ бағы болмаған.



«Біздің өңірде агротуризмді дамытуға мүмкіндік көп. Себебі шаруа қожалықтары алуан түрлі өнім өсіреді. Жеміс-жидектер, жүзім, алма, жаңғақ бақтары туристер үшін қызық. Олардың неше түрлі сұрыптары бар. Біздің фермерлердің көпшілігі жақсы өнім алудың ерекше технологияларын біледі. Олар өздерінің тәжірибелерімен бөлісуге дайын», - дейді шаруа қожалығының басшысы Мәншүк Жексембекова.



- Фундуктың ішкі нарықтағы бағасы келісіне 5 мың теңге, - дейді шаруа. Сондықтан өндірістік ауқымда өсіру импортты алмастыру мәселесін шешеді және бағаны айтарлықтай төмендетеді. Қыркүйек айында фермер алғашқы агротур ұйымдастырыпты. Туристер жаңғақ жинауды тамашалап, дәмін татқан. Бұл жолы қонақтар шаруашылыққа көмектесіп, бақтың айналасына терек көшеттерін отырғызды. Терек тез өседі. Болашақта орман жаңғағын үсік пен желден қорғайды.



«Терек орманның алғы шебінде тұрады десек болады. Теректен кейін басқа ағаштар жақсы өседі. Бүкіл әлемде осы тәжірибені қолданады. Бұл Қазақстан үшін де қолайлы», - дейді Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ҒЗИ бөлім басшысы Ринат Фазылбеков.



Келушілер ұзын-саны 200-ге жуық терек екті. Мамандардың айтуынша, жас қалемшелер небәрі 3 жылда жайқалып шыға келеді. Осылайша фундук ағаштарының мол өнім беруіне де септігін тигізеді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы облысы #жаңғақ бағы #жеміс ағашы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.