ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Экономика / Еліміздегі орташа жалақы мөлшері қандай?

Еліміздегі орташа жалақы мөлшері қандай?

Экономика 05.11.2022, 11:00 1,541
Еліміздегі орташа жалақы мөлшері қандай?
Сурет: Egemen.kz
2021 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 23%-ды құрады

2021 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 23%-ды құрады



Қазақстан бойынша атаулы жалақының орташа мәні биылғы IІI тоқсанда 299 782 теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.


2021 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім - 23%, нақты мәнде – 5,8% құрады.


Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2022 жылғы ІIІ тоқсанда бағалау бойынша 189 018 теңгені құрады.



Еңбек статистикасы және өмір сүру деңгейі департаментінің директоры Наталья Белоносова түсіндіргендей, алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда ІІІ тоқсандағы жалақы деңгейі әдетте төмендеп отырады.



Бұл үрдіс жыл сайын байқалады және екінші тоқсан уақытына дөп түсетін маусымдық (демалыс төлемдері, маусымдық жұмыстар) жайттарға байланысты.


"Екінші тоқсанмен салыстырғанда жалақы деңгейі 3,9 пайыздық тармаққа төмендеді (2021 жылғы ІІІ тоқсандағы төмендеу – 3,1 пайыздық тармақ). Мұндай өзгерістер жыл сайын байқалады. Жалақының орташа мәнін есептеу кезінде табыс салығы, зейнетақы және басқа да әлеуметтік аударымдар сияқты төлемдердің барлық түрі ескерілетінін атап өткім келеді", – дейді Наталья Белоносова.


Жалақының өсуі қызметтің барлық негізгі экономикалық түрлері бойынша байқалды.


2021 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда ең жоғары өсім – құрылыс – 34,5%, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 31,3%, көлік және қоймалау – 31,1% салаларында байқалады.


Ал төмендеу көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсынуда – 5,5%-ға және денсаулық сақтау мен халыққа әлеуметтік қызмет көрсету салаларында – 8,9%-ға байқалды.


Өңірлік бөліністе ең жоғары өсім Ұлытау облысында – 39%. Ең төмен өсім Астана қаласында байқалды – 15,1%.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.