ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздегі ойын аймақтары тек шетелдік туристерге...

Еліміздегі ойын аймақтары тек шетелдік туристерге қолжетімді болады

Әлеумет 08.01.2026, 17:33 209
Еліміздегі ойын аймақтары тек шетелдік туристерге қолжетімді болады
Сурет: Shutterstock/FOTODOM
Туризм саласын дамыту мақсатында еліміздің бірқатар өңірінде тек шетел азаматтарына арналған ойын аймақтарын салу мүмкіндігі бойынша әлеуметтік-экономикалық зерттеу жүргізілді.

Туризм саласын дамыту мақсатында еліміздің бірқатар өңірінде тек шетел азаматтарына арналған ойын аймақтарын салу мүмкіндігі бойынша әлеуметтік-экономикалық зерттеу жүргізілді.

Жаңадан салынатын ойын аймақтары тек шетелдік туристерге қызмет көрсетеді. Қазақстан Республикасының азаматтарына аталған ойын залдарына кіруге тыйым салынады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бірқатар елде тек шетелдіктерге арналған ойын аймақтары туристерді тартудың және курорттық инфрақұрылымды дамытудың тиімді тетігіне айналған. Мұндай тәжірибе ішкі әлеуметтік ортаға кері әсер етпей, экономикалық өсімге оң ықпал етеді.

Зерттеу қорытындысына сәйкес, Маңғыстау облысы тұрғындарының 46 пайызы шетелдіктерге арналған казино салу бастамасын қолдаған. Экономикалық болжам бойынша, 2029 жылға қарай өңірге 148 мың шетелдік турист келеді деп күтіледі. Бұл 7 мың тұрақты жұмыс орнының ашылуына және бюджетке 1,2 млрд теңге салық түсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жетісу облысында сауалнамаға қатысқандардың 67 пайызы казино құрылысына қарсы емес екенін білдірген. Болжам бойынша, 2029 жылға қарай өңір жыл сайын 36 мыңға дейін шетелдік турист қабылдап, шамамен 700 жаңа жұмыс орны ашылады. Жергілікті бюджетке жылына 2,4 млрд теңге салық түседі деп күтілуде.

Алматы облысында респонденттердің 54,5 пайызы ойын аймақтарын салу бастамасын қолдайтынын атап өткен. Экономикалық талдауға сәйкес, 2030 жылға қарай өңірге келетін шетелдік туристер саны 22 810 адамға жетеді. Сонымен қатар 2028 жылға дейін екі ойын аймағынан 6,5 млрд теңге салық түсіп, 2 мың тұрақты жұмыс орны ашылады.

Айта кетейік, ойын аймақтарын белгілеу және олардың қызметі «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Аймақтардың нақты шекарасын жергілікті атқарушы органдар айқындайды. Ал жұмыс тәртібіне сәйкес, ойын орындарына тек шетел азаматтар ғана кіре алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.