Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздегі ЛГБТ сайты бұғатталды

Еліміздегі ЛГБТ сайты бұғатталды

Әлеумет 12.02.2024, 08:44 1,154
Еліміздегі ЛГБТ сайты бұғатталды
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Мәдениет және ақпарат министрлігі тұрғындардан келіп түскен шағымдар негізінде LGBTQ+ сайтын тексеріп, мониторинг барысында балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпаратты орналастыруға қатысты заң бұзушылықтарды анықтады, деп жазады аlmaty-akshamy.kz KazFace.kz-ке сілтеме жасап.


 Дәстүрлі емес сексуалдық бағытты насихаттайтын веб-сайтқа қатысты тұрғындар наразылық білдіріп, петиция бастаған еді. Қоғамдық пікірді ескерген құзырлы орган ақпарат көзін тексеріп, оған тыйым салу себебін түсіндірді.


 Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті орган олардың психо-жастық ерекшеліктерін, теріс әсерін ескеріп, ел тұрғындары арасында ЛГБТ қозғалысының идеяларын тарататын интернет-ресурстарға қолжетімділікті шектеу қажет деп санады. Министрлік ақпараттық ортаны, қазақ қоғамының тарихы мен дәстүр сабақтастығы, мемлекеттің мәдени құндылықтарын, сондай-ақ балаларды дұрыс тәрбиелеу мәселесін жан-жақты сараптап, осындай шешімге келгенін айта кетуіміз керек.  


 «Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы» Заңында балаларға тыйым салынған ақпарат ерекше сексуалдық және эротикалық сипаттағы, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен балалар арасында таралуына тыйым салынған мәліметтерді қамтиды.


Сонымен қатар «Бала құқығы туралы» заңда порнографиялық ақпаратты тарататын, балаларға зиянды әсер ететін және құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану да заңмен жауапкершілікке тартылып, осы мазмұндағы ақпаратты таратуға тыйым салынған», делінген министрлік хабарламасында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ЛГБТ #сайт #бұғаттау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.