Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздегі курорттар мен саябақтардан қоқыс шығару...

Еліміздегі курорттар мен саябақтардан қоқыс шығаруға бір күн берілді

Әлеумет 27.07.2022, 06:12 1,898
Еліміздегі курорттар мен саябақтардан қоқыс шығаруға бір күн берілді
Сурет: Еgemen.kz

Биыл елдегі туристік орындарға барушылар саны көбейді.


Қазақстанның ұлттық саябақтары мен курорттарына келетін туристер санының артуына байланысты инфрақұрылымға жүктеме де артты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақстан Үкіметінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.


2022 жылы елдегі туристік орындарға бару саны артты. Бурабай мен Шымбұлақ шипажайларына өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп турист келді, ал Алматы тау кластерінің ұлттық саябақтарына келетін туристер 50 пайызға өсті.



Келушілердің көбеюіне байланысты инфрақұрылымға жүктеме артты, бұл, әсіресе, курорттық аймақтарды таза және тәртіппен ұстауға әсер етеді. Бурабай, Алакөл, Имантау-Шалқар курорттық аймақтарында, Алматы өңірі мен Маңғыстаудың ұлттық саябақтарында қоқыс контейнерлерінің жетіспеушілігі байқалады.



Бұл ақпарат Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың орталық және жергілікті атқарушы органдармен кездесуінде айтылды. Кездесу туризмді сапалы дамыту үшін жағдайды жақсарту мәселелеріне қатысты болды.


Ералы Тоғжанов бір күн ішінде ұлттық парктер мен курорттық аймақтар аумағынан қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды тапсырды. Бұл ретте қоқысты шығару жиілігі ұлғайтылуы тиіс. Сондай-ақ, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған қосымша контейнерлер орнату тапсырылды.



Сонымен қатар, кеңесте shagym.kz модулін енгізу талқыланды. Бұл қызмет сапасын жақсартуға қатысты сұраныстарға жедел жауап беруге мүмкіндік береді. Туристердің шағымдары мен ұсыныстарын жинау процесін цифрландыру тапсырылды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#қоқыс #курорт #саябақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.