ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Еліміздегі күріш алқабының аумағы азайды

Еліміздегі күріш алқабының аумағы азайды

Өмір-өзен 24.05.2022, 08:30 1,568
Еліміздегі күріш алқабының аумағы азайды
Сурет: Уикипедия
Суды көп қажет ететін дәнді дақылдың орнына мақтаны көбірек екпек.

Суды көп қажет ететін дәнді дақылдың орнына мақтаны көбірек екпек.


ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, Қазақстан 2022 жылы суармалы жерлердегі егіс көлемін 39 мың гектарға қысқартады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Министр ұсынған дерек бойынша, жоспарланған егістік көлемі 1 миллион 488 мың гектарды құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 39 мың гектарға (2,6%) аз. Сондай-ақ алқаптың ақырғы аумағы егіс жұмыстары аяқталған соң нақтыланады.



«Суды көп қажет ететін ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру жалғасып жатыр. Осыған байланысты 2021 жылмен салыстырғанда күріш егістігінің көлемі 8,7 мың гектарға қысқарады деп күтілуде. Оның ішінде Қызылорда облысында 5,3 мың гектарға, Түркістан облысында 2,9 мың гектарға және Алматы облысында 0,6 мың гектарға азаяды», - деді Ауыл шаруашылығы министрі.



Қарашөкеев елімізде мақта алқабының аумағы 119 мың гектарға ұлғайтылғанын, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мың гектарға артық екенін атап өтті. Бұған жоғары сатып алу бағасы ықпал еткен: шикізат мақтаның бір тоннасы 350 мың теңгеден сатылып, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 220 мың теңгеге жоғары болған.


Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, қазір оңтүстік өңірде суармалы алқаптарда егіс жұмыстары аяқталып жатыр (Жамбыл облысында 100% аяқталды), ал басқа аймақтарда жұмыстар әлі де жүргізілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,273 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.