AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздегі кейбір тауарлар картонның себебінен қым...

Еліміздегі кейбір тауарлар картонның себебінен қымбаттаған

Әлеумет 26.07.2022, 05:05 1,445
Еліміздегі кейбір тауарлар картонның себебінен қымбаттаған
Сурет: Utupack.ru

Биыл өндірісте картон қолданатын кәсіпкерлердің жұмысы біршама тұралап қалды.


Қазақстанға шикізат Ресей мен Қытайдан импортталатындықтан, баға рубль мен доллардың бағамына байланысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Елімізде сүт, түрлі сусындар, кондитерлік өнімдер, сыйлықтар және тағы басқа қатырма қағазбен қапталатын өнімдер қымбаттап жатыр.


Алматылық кондитер Мария Рышкованың айтуынша, картон бағасының өсуіне байланысты биыл өнімдері 15 пайызға қымбаттаған.



«Қаптама қымбаттап жатыр. Өйткені, отандық өндіріс жоқ. Өзімізде қағаз, картон, тіпті пластик те өндірілмейді. Барлығы сырттан келеді. Қаптамалардың бағасы қымбаттап жатқан соң, біз де өз өніміміздің құнын өсірдік. Тортты қаптамасыз ешкімге бере алмайсың. Тұтынушыларға тәтті бүлінбей жету үшін сыртында қорап болады», - дейді кондитерлік цехтың директоры Мария Рышкова.



Торттарды қаптайтын қораптардың әрқайсысы осыдан үш ай бұрын 35 теңге тұратын. Ал, қазір мұның бағасы екі есе көтеріліп, 70 теңгеге дейін бір-ақ шығыпты. Сәйкесінше, кәсіпкерлер тәттінің құнын да шарықтатуға мәжбүр.


Картонның қымбаттағанына баспаханалар да шағымданып отыр. Жыл басынан бері материалдардың құны үштен бірге өскен, ал баға күн сайын өзгеріп жатыр.


Қазақстанға шикізат Ресей мен Қытайдан импортталатындықтан, баға рубль мен доллардың бағамына байланысты. Қазір картон мен қағаздың кейбір түрлері логистика, яғни тауар тасымалдау қиындап кеткендіктен, тапшы болып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#баға #өндіріс #картон
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);