AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздегі инфляцияға сыртқы факторлар ықпал етіп...

Еліміздегі инфляцияға сыртқы факторлар ықпал етіп отыр

Әлеумет 04.11.2022, 08:58 1,060
Еліміздегі инфляцияға сыртқы факторлар ықпал етіп отыр
Сурет: Вusinessmir.kz

Қазақстан әлемнің 180 елімен сауда жасайды.


Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі инфляцияға не әсер етіп отырғанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Бізді шетелдік азық-түлік импортының жоғары деңгейі алаңдатады. Бұл инфляцияның өсуіне алып келеді. Сарапшылар Қазақстандағы инфляцияға сыртқы факторлар ықпал ететінін айтып отыр», - деді президент Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссия басшыларымен кездесуде.



Тоқаев Қазақстан ашық экономика қағидатына берік болып қала беретінін атап өтті. Айтуынша, республика әлемнің 180 елімен сауда жасайды. Жаһандық экономикалық қиындықтарға қарамастан, елдің шикізаттық емес экспорты шамамен 40 пайызға өсті.



«Біз алдағы уақытта да инвестиция тарту бойынша Орталық Азиядағы көшбасшылық позициямызды нығайта береміз. Биылғы 6 айда шетелдік серіктестеріміз еліміздің экономикасына шамамен 15 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйды. Бұл былтырғы осы кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда 30 пайызға көп», - деді президент.



Айтуынша, Қазақстан жыл сайын 5 млн тоннадан астам бидай мен 1,5 млн тонна ұн экспорттайды.



«Әлемнің ең ірі он астық экспорттаушы елдер қатарына кіреміз. Қазақстан – зығыр тұқымын ірі өндірушілердің және майлы дақыл экспорттаушылардың бірі. Біздің стратегиялық мақсатымыз – саланың өндірісін 2,5 есе және экспортты 2 есе ұлғайту», - деп атап өтті мемлекет басшысы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#инфляция #экономика #президент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);