AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздегі ең ұзын сарбаз әскери борышын Аягөзде ө...

Еліміздегі ең ұзын сарбаз әскери борышын Аягөзде өтеп жатыр

Әлеумет 03.01.2022, 13:17 2,086
Еліміздегі ең ұзын сарбаз әскери борышын Аягөзде өтеп жатыр
Cурет: Inform.kz

«Бойымды орындыққа шығып өлшеді»


Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында Отан алдындағы борышын өтеп жүрген Дмитрий Шапуловтың бойы – 2 метр. Атырау қаласынан келген жігіт танк әскери бөліміне қабылданған. Дмитрий бойының ұзындығы әскери ортада еш ыңғайсыздық тудырмайтынын, керісінше басымдық беретінін айтты деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Дмитрий Шапулов қасындағы сарбаздар арасында бойшаңдығымен бірден көзге түседі. 45-ші өлшемдегі аяқ-киім киетін сарбаздың әскери борышын өтеуге келгеніне екі ай болған. Шымыр денелі, ширақ қимылдайтын жігіт өз ортасында ерекшеленіп жүреді. Өз сөзінде ол бойының ұзындығы әскери ортада еш ыңғайсыздық тудырмайтынын, керісінше спорт нормативтерін орындау мен жауынгерлік дайындықта қарумен ату кезінде пайдасын тигізетінін айтты.



«Аягөз қаласындағы танк әскери бөлімінің мотоатқыштар батальонында борышымды өтеп жүрмін. Осында Атырау қаласынан келдім. Бойым мектеп қабырғасынан бастап жылдам өсе бастаған», – дейді Дмитрий.



Жасы небәрі он тоғыздағы жауынгердің бойы – 2 метр. Бойы мектепте де, колледжде де ең ұзын болыпты. Баскетбол ойнайтыны да бар.



«Әкемнің бойы – 197 сантиметр. Сол кісіге тартқан шығармын. Ал анамның бойы аласа. Жалпы бойымның ұзын болғаны өзіме ұнайды. Оған бола еш алаңдамаймын», – дейді Дмитрий Шапулов.



Дмитрий әскери бөлімге алғаш медициналық тексеруден өтуге келген шағында медбикелер оның бойы өлшейтін құралдан асып түскенін айтыпты. Артынша амалын тауып орындықтың үстіне шығып өлшеген.


Қатардағы жауынгер әскерге келгеніне еш өкінбейді. Әскери қызметті барлық ер азамат міндетті түрде өтеуі тиіс деп санайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бойы ұзын #сарбаз #әскер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);