ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Еліміздегі бензин қоры неше күнге жетеді

Еліміздегі бензин қоры неше күнге жетеді

Әлеумет 15.08.2023, 14:29 993
Еліміздегі бензин қоры неше күнге жетеді
Сурет: ашық дерекөз
Энергетика министрлігі еліміздің ішкі нарығын жанармаймен қамтамасыз етудің қазіргі жағдайына қатысты түсінік берді,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Энергетика министрлігі еліміздің ішкі нарығын жанармаймен қамтамасыз етудің қазіргі жағдайына қатысты түсінік берді,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Тамыз айында өндірілетін жанар-жағармай көлемі елдің ішкі нарығында қажет көлемді жабады. Мұнай өңдеу зауыттарынан жөнелтілген көлемді ескере отырып, 15 тамыздағы жағдай бойынша елдің мұнай базаларында АИ-92 маркалы бензинінің жиынтық қалдықтары 262 мың тоннаны құрады. Бұл көлем орта есеппен 19 күнге жетеді, оның ішінде МӨЗ-дегі қор – 12,1 мың тонна», - делінген министрлік мәліметінде.


Сонымен қатар, АИ-95 маркалы бензинінің қоры 48 мың тоннаны құрап, 16 күнге жетеді. Соның арасында мұнай өңдеу зауыттарындағы қор 4,2 мың тоннаны құрады.


«Биылғы тамыз айында 403 мың тонна АИ-92 бензинін өндіру жоспарланған. Жалпы, ішкі нарықтағы сұраныс шамамен 380 мың тонна болады деп ескерілген. Тамыз айының басындағы 265 мың тонна көлеміндегі қалдықты ескере отырып, отынның осы түрінің жалпы көлемі 668 мың тоннаға жетеді. Бұл тұрғыда қазіргі өндіріс бензин бойынша ішкі сұранысты толығымен жабады. АИ-92 қалдығы тамыз айының соңында 291 мың тоннаның құрамақ», - деп аталып өткен ведомство ақпаратында.


Шымкент мұнай өңдеу зауытында атқарылған жұмыстарды және осы зауытта АИ-95 өндіру болмағанын ескере отырып, теңгерімді сақтау үшін АИ-95 импорты жоспарланған болатын. Петросан 70 мың тонна, Газпромнефть 12 мың тоннаға келісімшарт жасады. Тамыз айында импорт - 21 мың тонна.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.