ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Қаржы / Еліміздегі банктер мен микроқаржы ұйымдарының стре...

Еліміздегі банктер мен микроқаржы ұйымдарының стрестік активтерін жеке инвесторларға сату құқығы берілмек

Қаржы 12.05.2022, 05:16 2,129
Еліміздегі банктер мен микроқаржы ұйымдарының стрестік активтерін жеке инвесторларға сату құқығы берілмек
Сурет: Kz.kursiv.media
Жеке инвесторларға заңды тұлғалардың қарыздарын сатып алуға рұқсат етілмек

Жеке инвесторларға заңды тұлғалардың қарыздарын сатып алуға рұқсат етілмек


 Мәжілісте осыны көздейтін заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtn.com сайтына сілтеме жасап.


Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың сөзінше, бұл жаңашылдық тек заңды тұлғалардың қарызын сатып алуға бағытталған. Мақсат қаржы институттары борышкерден несие қарызы есебінен өндіріп алған мүлікті экономикалық айналымға тарту. Себебі, кепілдікке алынған жер телімдері мен өндірістік және коммерциялық бағыттағы нысандар жылдар бойы тұралап қалған. Бүгінде мұндай стрестік активтердің жалпы құны 1 триллион теңгеден асып жығылған.



"Қазіргі уақытта банктер мен микроқаржы ұйымдары осындай өндіріп алынған мүлікті 5 жылға дейін өздерінің баланстарында ұстайды. Осы уақытта мүлік экономикалық айналымға тартылмайды. Сол себепті, осы заңда тағы бір новелла бар. Үш жылға дейін осы мерзім қысқартылды. Осы үш жыл ішінде банктер осындай өндіріп алынған мүлікті тезірек сату керек. Олар оны сатпаған жағдайда біз оларға қадағалау шараларын қолданатын боламыз", - дейді  ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова.



Жалпы заң жобасында кәсіпкердің қарызын сатып алу құқығына ие болатын инвесторларға шектеу қойылмаған.  Тіпті шетел азаматы да иемденуі мүмкін. Алайда, жерге қатысы жоқ қарыз болуы тиіс. Бұған қоса, оны аталмыш заң аясында елімізде құрылатын сервистік компанияларға сенімгерлік басқаруға беру міндеттеледі. Сервистік институт өз кезегінде стрестік активтердің өтімді нарығын құру үшін қажетті жағдай жасайды.



"Сервистік компаниялардың функцияларын банктердің осы стрестік активтеріді басқару жөнінде құрылған ұйымдары және  коллекторлық агенттіктер енді осы функцияларды атқаратын болады. Оларға жоғары талаптар қойылады. Меншік капиталы бойынша және жұмыс тәжірибесі бойынша басқада талаптар қойылады", - дейді ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова.



Спикердің айтуынша, бұл қарыз алушы құқығын қорғаудың қосымша тетігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Себебі аталған ұйымдар еліміздің қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің реттеу құзырына жатады. Агенттік белгіленген талаптарға сәйкес келетін сервистік компаниялардың тізілімін жүргізіп, олар туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.