ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Еліміздегі 71 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары ая...

Еліміздегі 71 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталмаған

Білім және ғылым 06.12.2022, 11:22 1,556
Еліміздегі 71 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталмаған
Сурет: Kz.otyrar.kz
Алматы қаласы бойынша 8 мектепте жөндеу жұмыстары аяқталмаған.

Алматы қаласы бойынша 8 мектепте жөндеу жұмыстары аяқталмаған. 


Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дауенов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Биыл республика бойынша 276 мемлекеттік мектеп күрделі жөндеу жүргізу жұмыстарымен қамтылған. Қазірге дейін 205 мектепті, яғни 74 пайызын жөндеу аяқталды. Ал 71 мектепте жұмыстар жалғасып жатыр. Күрделі жөндеу жұмыстары Түркістан облысында 20 мектепте, Батыс Қазақстанда - 9, Алматы облысында 7 мектепте аяқталмаған. Алматы қаласында 8 мектеп бітпеген, оның обьективті себептері бар. Бұл нысандарда сейсмогеология талаптарына қатысты жұмыстар атқарылып жатыр», - деді Е. Дауенов министрліктің аппарат кеңесінде.



Оның айтуынша, 13 мектепте жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының келісімшарт бойынша мерзімдері өткен, яғни мердігерлер өздерінің жоспарын орындай алмай жатыр. Осы орайда Алматы, Атырау, Жетісу облыстарында 2 мектептен, Астана қаласы, Қызылорда, Жамбыл, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында 1 мектептен тиесілі.



«Аталған өңірлер жөндеу жұмыстарының уақытылы аяқталмауына байланысты білім бөлімдері мен білім басқармалары заңнамаға сәйкес тиісті шараларды қабылдауы қажет. Республика бойынша 26 мектепте жөндеу жұмыстары биыл аяқталмай, 2023 жылға өтуі мүмкін. Бұл тұрғыда Түркістан облысында 13 мектеп, Батыс Қазақстан, Қостанай, Абай облыстарында 2 мектептен бар. Жөндеу жұмыстарының уақытылы аяқталмауы оқу процесіне кедергі жасап отыр», - деді комитет басшысы.



Оның сөзіне қарағанда, қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатқан 16 мектептің 5 265 оқушысы 1 қыркүйектен бастап жақын орналасқан мектептер мен басқа да бейімделген ғимараттарда білім алып жатыр. Өзге ғимараттарда білім алып жатқан оқушылардың ең көп саны Батыс Қазақстан (2131 оқушы) және Жамбыл (1985 оқушы) облыстарында.


Сонымен қатар Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы Ысмайлов атындағы мектептің 500 оқушысы бұрынғы оқушылар сарайының ғимаратында оқып жатыр.



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.