ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде «Зымыран-2021» командалық-штабтық оқу-жат...

Елімізде «Зымыран-2021» командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды

Әлеумет 28.10.2021, 06:11 1,519
Елімізде «Зымыран-2021» командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
BAQ.KZ
Елімізде «Зымыран-2021» командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде «Зымыран-2021» командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.




28 қазанда елімізде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшыру кезінде зымыран-тасығыштардың авариясымен байланысты төтенше жағдайлар туындаған кезде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарының күштері мен құралдарының іс-қимылға дайындығы» тақырыбында «Зымыран-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды.


Оқу-жаттығуды үйлестіру және басшылық ету жөніндегі штаб Жезқазған қаласында орналасқан. Оқу-жаттығудың басшысы - Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушы полковник Марат Күлдіков.



Оқу-жаттығу азаматтық қорғау күштері мен құралдарын басқару органдарын әзірлікке келтіру туралы дабылды жеткізуден басталды. Азаматтық қорғау қызметтері мен жергілікті атқарушы органдар әрбір өңір үшін жеке айқындалған тиісті кіріспе бойынша іс-шараларды пысықтады.



Оқу-жаттығу шеңберінде зымыран бөліктерінің авариялық құлау салдарын жою, халықты жақын елді мекендерден эвакуациялау, ауыл шаруашылығы және үй жануарларын диспансерлеу, гептилді детоксикациялау, бүлінген жер учаскелерін рекультивациялау бойынша бірінші кезектегі іс-шараларды өткізу мәселелері пысықталды.



Командалық-штабтық оқу-жаттығу Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының, Нұр-сұлтан қаласының аумағында өтуде. Оған барлық деңгейдегі азаматтық қорғау қызметтері, ҚР ТЖМ бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар, «РосКосмос» МК тартылған.



Оқу-жаттығу «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандарды ұшыру кезінде авариялар туындаған жағдайда азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуын жетілдіру, сондай-ақ басқару органдарын, күштері мен құралдарын даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі туралы келісімге сәйкес жүргізіледі.




Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,436 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,283 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.