ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Елімізде XXI Халықаралық Жәутіков олимпиадасы баст...

Елімізде XXI Халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталады

Білім және ғылым 13.01.2025, 13:45 721
Елімізде XXI Халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталады
Сурет: Gov.kz
13-17 қаңтар аралығында Астанада алғаш рет IZhO – 2025 математика, физика және информатика пәндерінен Республикалық физика-математика мектебі мен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО...
13-17 қаңтар аралығында Астанада алғаш рет IZhO – 2025 математика, физика және информатика пәндерінен Республикалық физика-математика мектебі мен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО ұйымдастыруымен XXI Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтеді.
 
Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Ресей, Беларусь, Армения, Әзірбайжан, Түркия, Грузия, Болгария, Румыния, Сербия және Моңғолия секілді әлемнің 15 елінен 700-ге жуық оқушы мен 150 жетекші қатысады. Командалардың құрамы ұлттық пәндік олимпиадалардың қорытындысы бойынша анықталады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.
 
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, олимпиада бес күнге созылады және екі кезеңнен тұрады. Тапсырмалар күрделілігі бойынша мамандандырылған сыныптар бағдарламасына сәйкес келеді және оларды халықаралық қазылар алқасы құрастырды. Қазылар алқасының төрағасы белгілі қазақстандық ғалым-математик, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі Асқар Жұмаділдаев.
 
«Математика, физика және информатика пәндерінен оқушыларға арналған Халықаралық Жәутіков олимпиадасы елімізде 21-ші рет өткізілуде. Биыл ол алғаш рет Астанада өтеді. Қатысушылар техникалық жарақтандырылуы осы олимпиаданы өткізу шарттарына толық сәйкес келетін Республикалық физика-математика мектебі мен Astana IT университетінің аудиторияларында теориялық және практикалық кезеңдерде өз білімдерін сынайды», - деп атап өтті «Дарын» РҒПО директоры Ғажембек Тұрсынов.
 
Жәутіков олимпиадасының қорытындысы бойынша қатысушылар қатысу сертификаттары мен естелік сыйлықтар, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлер – түрлі дәрежелі дипломдар, сондай-ақ алтын, күміс және қола медальдармен марапатталады.
 
Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық Жәутіков олимпиадасы 2005 жылдан бері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткізіліп келеді. Мақсаты - оқушылар арасында физика-математика ғылымдарын насихаттау, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, түрлі елдердің мамандандырылған мектептері арасында достық қарым-қатынас орнату, тәжірибе алмасу, сондай-ақ Қазақстанның білімі мен мәдениетін паш ету.
Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.