AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде волонтерлерге қандай қолдау бар?

Елімізде волонтерлерге қандай қолдау бар?

Әлеумет 06.06.2023, 10:31 1,298
Елімізде волонтерлерге қандай қолдау бар?
Сурет: Tengrinews.kz

Соңғы үш жылда елімізде волонтерлік ұйымдар саны 3 есеге артты.


ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыровтың айтуынша, елде волонтерлік қызметке қатысып жүрген азаматтар мен ұйымдар қатары артып, бағдарламалар мен жобалар ауқымы айтарлықтай кеңейе түскен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 



«Соңғы үш жылдың өзінде волонтерлік ұйымдар саны 3 есеге артты. Мәселен, 2019 жылы 224 болса, 2023 жылы 680-ге жақындап қалды. Белсенді волонтерлер қатары 4 есеге көбейді, 2019 жылы 50 мың адам болса, 2023 жылы 200 мыңнан асқан. Елімізде заңнамалық деңгейде волонтерлерді қолдау шаралары енгізілді. Оның аясында, оқуға тапсыру мен жұмысқа орналасу кезінде жеңілдіктер қарастыру, волонтерлік ұйымдарға мемлекеттік мүлікті ақысыз негізде жалға беру қарастырылған», - деді Данияр Қадыров Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.



Волонтерлік инфрақұрылымды дамыту бағытында еріктілердің республикалық және 20 өңірлік фронт-офистері өз жұмысын жалғастыруда. Олар жыл сайын 113 мыңнан астам волонтердің қатысуымен 6 мыңнан астам шара өткізеді.



«Министрлік халықаралық волонтерлікті дамыту саласында бірқатар жұмыс жүргізуде. Үкіметтің тікелей қолдауымен 7 қазақстандық волонтер БҰҰ Еріктілер бағдарламасында жұмыс атқаруда. Мұндай мүмкіндік әлем бойынша 16 мемлекеттің волонтерлеріне ғана қолжетімді. Қазақстан Орталық Азия елдері ішінде мұндай тәжірибені қолданған алғашқы ел болды», - деп атап өтті спикер.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Волонтерлер #қолдау #ұйымдар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);