ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Елімізде үздік инклюзивті білім берудің ұлттық орт...

Елімізде үздік инклюзивті білім берудің ұлттық орталығы құрылады

Білім және ғылым 15.01.2024, 10:42 1,325
Елімізде үздік инклюзивті білім берудің ұлттық орталығы құрылады
Сурет: Gov.kz
ҚР Оқу-ағарту министрі жұмыс сапарымен Алматыға келді.

ҚР Оқу-ағарту министрі жұмыс сапарымен Алматыға келді.


Мұнда арнайы және инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ғылыми қоғамдастық пен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 


Кездесу барысында 2024 жылға арналған жұмыс жоспары туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі арнайы және инклюзивті білім департаментінің директоры Лаура Бутабаева айтып берді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға ерте көмек көрсету мақсатында бүгінгі таңда психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің санын арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазір елімізде 215 ППТК жұмыс істейді, 2024 жылы қосымша 9 түзету кабинетін ашу жоспарлануда. Қазіргі күні мектептерде 700-ден астам инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді, 2024 жылы олардың саны тағы 57 бірлікке ұлғайтылатын болады. Сонымен қатар, биыл 14 ПМПК ашу жоспарлануда.


Дөңгелек үстелде сөз сөйлеген ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев инклюзивті білім беру жүйесін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Бұл бағытты дамытудың маңыздылығын түсіне отырып  2023 жылдың желтоқсанында министрлік құрылымында арнайы және инклюзивті білім департаменті ашылды.



«Арнайы білім әр баламен жеке жұмыс жасауды, әр балаға назар аударуды қажет етеді. Осы мақсатта Ұлттық үздіксіз инклюзивті білім беру орталығын іске қосу жоспарлануда. Сонымен қатар біз кадрларды даярлау және қайта даярлау мәселесін қарастырамыз. Сондықтан педагогтер оқытатын жоғары оқу орындарының бағдарламаларына «инклюзивті білім беру»  модульін қосу жоспарланып, педагогтер үшін біліктілікті арттырудың жаңа курстары әзірленуде», — деді Ғани Бейсембаев.



Дөңгелек үстел барысында ғылыми қоғамдастық өкілдері: педагогика ғылымдарының докторы, профессор Роза Сүлейменова, доцент, педагогика және психология институтының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Ғалия Абаева, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың басшылары сөз сөйледі. Олардың қатарында «Дара» қорының «Қазақстанда инклюзивті қоғам құру»  жобасының үйлестірушісі Сәуле Дүйсембекова, Болат Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов те бар.


Шара соңында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев департамент директорына еліміздегі инклюзивті білім беруді дамытудың стратегиялық жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,264 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.