AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде тұрғын үй құны бір айда 4 пайызға қымбатт...

Елімізде тұрғын үй құны бір айда 4 пайызға қымбаттады

Әлеумет 12.12.2021, 07:08 1,346 Almaty-akshamy
Елімізде тұрғын үй құны бір айда 4 пайызға қымбаттады
Cурет: 24.kz

Желтоқсан айында пәтерлер құны бірден 3-4 миллон теңгеге артқан


Сарапшылар бұл шарықтау келесі жылы да жалғасатынын айтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz informburo-ға сілтеме жасап.


 Болжам бойынша, нарықтағы дүрлігу сәуірге дейін сақталады. Себебі қазақстандықтар зейнетақы қорындағы «жеткілікті шектен» асқан ақшасын алуға асық. Бірақ эконом санатына жататын пәтерлерге сұраныс көп болғанымен, сатып алушы аз. 


Krisha.kz сарапшыларының айтуынша, әсіресе Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағандыда баға күрт өскен. Нұр-Сұлтанда пәтерлердің шаршы метрінің бағасы бір айдың ішінде 3,9%-ға көтерілген. Алматыда баспана 3,2%-ға, Шымкентте 2,0%-ға қымбаттаса, Қарағандыда 2,2%-ға шарықтаған. 



«Krisha-да баспанаға сұраныс соңғы бір аптаның ішінде 40 пайызға өсті. Бұл рекордтық көрсеткіш. Жалпы тұрғын үй бағасының көтерілуіне тек зейнетақыға қатысты қарбалас ғана емес, құрылыс матриалдардың қымбаттауы да әсер етіп жатыр», – дейді сервис шолушысы Алина Буравцева. 



Ал құрылыс компанияларының мамандары жаңа жылда жаңа үйлердің бағасы қымбаттайтынын айтады. Сәйкесінше, ескі үйлердің де құны көтерілмек. Қазір елде ең қымбат пәтерлер Алматыда. Шаршы метрі орташа есеппен 600 мың теңге. Ал екінші орында Нұр-Сұлтан. Шаршы метрінің орташа құны – 400 мың теңге. 


Зейнетақы жинағындағы шекті мөлшер көтеріледі дегелі Қазақстанның барлық өңірінде тұрғын үй бағасы қымбаттады. Мәселен, Ақтөбеде де риэлторлардың жұмысы жандана түскен. Олар өңірде баспана бағасының жалпы жыл басынан бері 15-20 пайызға өскенін айтады. Дегенмен мамандар бағаның шарықтауына тек бұл өзгерістер ғана емес, күнде құбылған доллардың да құны қатты әсер етті дейді. Сарапшылар жылжымайтын мүлік құны жаңа жылдан бастап тағы 15 пайызға дейін қымбаттайды деп болжап отыр. 



«Жаңа жылдан бастап екі есеге қымбаттайды. Ол жыл сайын қайталанатын жағдай. Мысалға қазір 3-4 жыл бұрынғы баға жоқ. Бір жыл бұрынғы баға да жоқ. Қазір 2-3 есеге, примерно 20-30 пайызға қымбаттады», – дейді риэлтор Ақмарал Әбілтаева.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#баспана #нарық #баға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);