AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде су айдындарын тазарту технологияларына сұ...

Елімізде су айдындарын тазарту технологияларына сұраныс жоғары

Әлеумет 01.12.2023, 05:30 1,323
Елімізде су айдындарын тазарту технологияларына сұраныс жоғары
Сурет: Waterservice.kz

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямадамен кездесті.


Тараптар отандық су саласын дамыту бағытындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап. 


Елші су ресурстарын пайдалану және басқару мәселелерімен айналысатын жеке министрлік құру басқа мемлекеттер үшін үлгі болатын өте маңызды және дұрыс қадам екенін атап өтті.


Сондай-ақ Ямада мырза Жапонияның Қазақстанмен ұзақ мерзімді және толыққанды ынтымақтастыққа мүдделі екенін мәлімдеді. Ал су технологиялары саласында жұмыс істейтін жапон компаниялары елімізде өз жобаларын іске асыруға, атап айтқанда, суды қайта пайдалану бағытында серіктестік орнатуға ниетті екенін айтты. Елші ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мен жапондық кәсіпкерлер арасында байланыс орнатуға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.


Өз кезегінде Нұржан Нұржігітов министрлік Жапонияның су саласын автоматтандыру және цифрландыру бойынша тәжірибесін зерттеуге ниетті екенін атап өтті, сондай-ақ жапондық сарапшылар мен ғалымдарды тарту арқылы қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру үшін бірлесіп жұмыс істеуді ұсынды.


Сонымен қатар, министр елімізде су айдындарын тазарту технологияларына сұраныс жоғары екенін айтып, Жапониядағы ең ірі Бива көлін тазартуды мысалға келтірді. Сондай-ақ, Нұржан Нұржігітов жапондық мұхиттанушы ғалымдарды Каспий теңізінің ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.


Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың мүмкіндігі зор бағыттарын талқылауды жалғастыруға келісті.


«Халықаралық ынтымақтастық – біздің министрлік жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Себебі, Қазақстан трансшекаралық өзендерге тәуелді. Алайда, біз көршілермен ғана емес, басқа мемлекеттермен де байланыс орнатуға дайынбыз. Олардың тәжірибесін қабылдауға, бірлескен жобаларды іске асыруға және заманауи технологияларды енгізуге ниеттіміз. Біздің Жапониямен ынтымақтастығымыз берік әрі нәтижелі болады деп үміттенеміз»,
– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#су айдындары #тазарту #технология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);