AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде сот жүйесі жетілдіріледі

Елімізде сот жүйесі жетілдіріледі

Әлеумет 29.11.2022, 07:30 993
Елімізде сот жүйесі жетілдіріледі
Сурет: Arbat.media

Бұл сотқа дейінгі тергеуді жеңілдетеді. 


Парламент Сенатында «Сот жүйесін реформалауды заңнамалық қамтамасыз ету» мәселесі талқыланып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Қоғамда осы саладағы өзгерістерге деген сұраныстың жоғары екені белгілі. Мемлекет басшысы наурыз айындағы Жолдауында барлық деңгейдегі соттар, шын мәнінде, тәуелсіз, ашық және кәсіби болмаса, заң үстемдігін қамтамасыз ету мүмкін емес екенін айрықша атап өтті. Соңғы уақытта бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылды. Дегенмен, шешімін таппаған мәселелер де аз емес», - деді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев өзінің кіріспе сөзінде. 



Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында объективті және тәуелсіз сот әділетті мемлекеттің негізі екенін атап көрсетті. 


Президент тапсырмасына сәйкес, Сенат жанынан сот жүйесін жетілдіруге арналған бастамаларды пысықтау жөнінде жұмыс тобы құрылды. 


Оның құрамында Жоғарғы соттың, мемлекеттік органдардың, және қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен сарапшылар бар. 



«Жұмыс тобына реформалар аясында нақты тетіктерді әзірлеу және тиісті заң жобасын дайындау міндеті жүктелді. Біздің бүгінгі жиынымыздың басты мақсаты – сол жұмыс тобы әзірлеген ұсыныстарды талқылау және оларды әрі қарай жетілдіру», - деді Сенат төрағасы. 



Сонымен бірге, бүгін қаралып жатқан ұсыныстардың негізінде Жоғарғы соттың бастамалары жатыр, бұл бастамалар мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен Сенатта пысықталған. 



«Жалпы, жұмыс тобы сот жүйесін реформалау бойынша маңызды, өзекті ұсыныстар дайындады деп ойлаймын. Бүгін біз қарастыратын нәрсе – сот жүйесін жаңғырту жөніндегі ұсыныстардың бір бөлігі ғана. Осылайша, судьяларға күш құрылымдарының қысымын төмендету мен қылмыстық процесте бәсекелестікті дамыту тетіктері пысықталды. Қылмыстық теріс қылықтар туралы істерді бөлек оңайлатылған іс жүргізуге бөлу ұсынылады. Бұл сотқа дейінгі тергеуді жеңілдетеді, тергеушілерге, прокурорлар мен судьяларға жүктемені айтарлықтай азайтады. Тұтастай алғанда, істердің жекелеген санаттары бойынша сот талқылауларының жарыспалылығын кезең-кезеңімен, 5 жыл ішінде дамыту ұсынылады», - деді Мәулен Әшімбаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сенат #Қазақстан #парламент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);