AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде шетелдік жұмыс күшін кімдер пайдаланады?

Елімізде шетелдік жұмыс күшін кімдер пайдаланады?

Әлеумет 20.03.2023, 10:29 1,377
Елімізде шетелдік жұмыс күшін кімдер пайдаланады?
apital.kz

Шетелдіктердің басым бөлігі құрылыс саласында жұмыс істейді. 


2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша, елімізде 13 403 шетел азаматы еңбек етеді, деп  almaty-akshamy.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



"Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 565 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 966 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 7 199 және 883 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 391 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 399 адам тартылды", - делінген хабарламада.



Елімізде шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 640 жұмыс беруші бар. Оларда қызметкерлердің жалпы санының 96%-ын (409 мыңнан астам) Қазақстан азаматтары құрайды.


Ақпаратқа сәйкес, шетелдіктердің басым бөлігі құрылыс саласында еңбек етеді (5 494 адам). 



"Бұдан басқа тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында – 1 455 адам (11%); кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 995 адам (8%); өңдеу өнеркәсібі – 889 адам (7%); ауыл, орман және балық шаруашылығы – 641 адам (5%)", - деп хабарлады ведомство. 



Еңбек мигранттары Қытай (3 411 адам), Үндістан (1 685 адам), Түркия (1 523 адам), Ұлыбритания (1 073 адам), Өзбекстан (769 адам) сияқты елдерден келеді.


Министрлік шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны 22 226 бірлік (0,24%) деп белгіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Жұмысшылар #деректер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);