AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде Сейсмология саласын дамытудың кешенді жос...

Елімізде Сейсмология саласын дамытудың кешенді жоспары қабылданды

Әлеумет 05.07.2024, 11:02 1,245
Елімізде Сейсмология саласын дамытудың кешенді жоспары қабылданды
Сурет: Adyrna.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Сейсмология саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді.

Үкіметтің тиісті қаулысына ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құжат еліміздің сейсмологиялық қауіпсіздігін нығайту бойынша ауқымды шараларды іске асыруды көздейді. Олардың ішінде мониторингті айтарлықтай күшейту, ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық төзімділігін қамтамасыз ету, жаңа цифрлық технологияларды енгізу, кадрларды даярлау деңгейін арттыру және т. б. бар.

Осылайша, 15 сейсмикалық аудандастыру картасы әзірленетін болады, бұл еліміздің сейсмикалық қауіпті өңірлеріндегі жер сілкінісі ошақтарының 70%-ын болжауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ олар аталған аумақтардағы ғимараттар мен құрылыстарды паспорттауға және жаңа құрылыс нормаларын әзірлеуге негіз болады.

Паспорттау ең осал құрылыс объектілерін анықтауға мүмкіндік береді, оларға қатысты бірінші кезекте сейсмикалық қауіптілігін төмендету шаралары қолданылады. Оның ішінде: сейсмикалық күшейту, құнды жабдықтарды қорғау немесе шығару, мақсатын өзгерту және басқалары бар.

Сонымен қатар 285 сейсмикалық стансаны орнату, сондай-ақ қолда бар 70 стансаны жөндеу және жарақтандыру көзделген. Бұл Алматы облысында және еліміздің басқа да сейсмоқауіпті өңірлерінде сейсмикалық қауіпті сапалы болжауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде қажетті әрекет ету шаралары жедел қабылданатын болады.

Бұдан басқа, ғимараттардың құрылысы мен жұмыс істеуіне бақылауды күшейту, мониторинг әдістерін жақсарту, сейсмология саласындағы мамандарды заманауи жабдықтармен және техникалық құралдармен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Жалпы алғанда, Кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде сейсмикалық қауіпті аумақтардағы азаматтардың, құрылыстар мен инфрақұрылымның қорғалу деңгейі айтарлықтай күшеюі тиіс. Сондай-ақ жер сілкінісі болған кезде мемлекеттік органдар мен бейінді ұйымдар тарапынан ден қою жүйесі жетілдірілетін болады.

Сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – Үкіметтің басым бағыттарының бірі, өйткені Қазақстанның сейсмикалық аймақтары республиканың жалпы ауданының шамамен 40%-ын алады. Еліміздегі сейсмикалық қаупі жоғары өңірлер — Алматы және Шымкент қалаларының, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Абай және Жетісу облыстарының аумақтары.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сейсмология #қауіпсіздік #ғимарат #Алматы #әлеумет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);