ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде құрылыс жүргізудің жаңа шарты енгізілді

Елімізде құрылыс жүргізудің жаңа шарты енгізілді

Әлеумет 05.01.2024, 10:49 1,469
Елімізде құрылыс жүргізудің жаңа шарты енгізілді
Сурет: The-steppe.com
Бұл өзгеріс мемлекет басшысының құрылысты ұйымдастыруға қатысты тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген.

Бұл өзгеріс мемлекет басшысының құрылысты ұйымдастыруға қатысты тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген. 




Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәлімдеуінше, Қазақстанда Құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидасына өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ведомствоның мәліметінше, бұл өзгеріс мемлекет басшысының құрылысты ұйымдастыруға қатысты тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген. 



«Енді салынған объектілерді (кешендерді) пайдалануға қабылдау объектінің құрылысына бөлінген аумақты абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі жұмыстар орындалғаннан кейін іске асырылады», – делінген министрлік таратқан хабарламада. 



Мамандардың пайымдауынша, көгалдандыру қоршаған ортаның экологиялық жағдайын және аумақты абаттандыруды, учаскенің сыртқы түрін жақсартады, тұрғындардың эмоционалды жағдайына пайдалы әсер етеді, сонымен қатар эстетикалық құндылыққа ие. 



«Объектілерді пайдалануға берудің өлшемшарттарының бірін белгілеу объектіні салуға бөлінген аумақты көгалдандырудың болуы үйдің барлық тұрғындарының жайлылық деңгейін едәуір арттыруға, жел мен шаңды ұстап, атмосферадағы оттегінің құрамын арттыруға, шу және шаңды жолдар мен өндірістерден үй маңындағы кеңістікті бөлуге, ауланың келбетін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді», – дейді министрлік өкілдері. 



Айта кетейік, осы Қағидаға сәйкес салынған объектілерді қабылдау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" заңмен реттеледі. 


Бекітілген жобаға сәйкес объектілердің жай-күйі салынған объектілердің толық әзірлігін білдіреді. Соған сәйкес: 


-кіреберіс есігі мен терезе блоктары орнатылған;


-ішкі әрлеу жұмыстары аяқталған; 


-қабырғалары мен төбелері сыланған және тегістелген; 


-еден жабынын салу бойынша төсем салынған (таза едендер салусыз);


-электр кабельдері мен сымдарын өткізу көзделген, пәтер ішіндегі бөлу автоматтары орнатылған (тұрмыстық мақсаттағы электр техникалық аспаптарсыз, газды немесе электрлі ас үй плиталарсыз);


-аспаптарды орнату орындарына дейін жапқыш арматурасы мен тығындары бар су өткізу және кәріз құбырлары жүргізілген (санитариялық-техникалық жабдық пен аспаптар орнатусыз); 


-тұтынылған коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптары (үйге ортақ және жеке) орнатылған; 


-жылыту аспаптары мен терезелік жақтау тақтайлары орнатылған, егер шартта осы көзделмесе, атап көрсетілгеннен асатын көлемдердегі жұмыстар орындалған; 


-объекті инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылып болуы керек.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,288 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.