AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде қоғамдық әжетхана мәселесі 2023 жылы шеші...

Елімізде қоғамдық әжетхана мәселесі 2023 жылы шешілуі мүмкін

Әлеумет 02.11.2022, 17:00 1,474
Елімізде қоғамдық әжетхана мәселесі 2023 жылы шешілуі мүмкін
Сурет: Inform.kz

Қазақстанның негізгі туристік орындарында 493 қоғамдық әжетхана жетіспейді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев туризм қауымдастығының өкілдерімен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.






Вице-министрдің сөзінше, дәретханаларды жергілікті атқарушы органдар салуы керек.



«Қаладағы әжетханаларды қаланың өзі, ал ұлттық парктерде – ұлттық саябақ немесе инвестор салуы керек. 2020 жылы біз Қазақстанның ең үздік 10 туристік бағытына зерттеу жүргіздік. Нәтижесінде 493 әжетхана керек екені анықталды. Сол уақытта пандемия басталып, қонақүйлер жабыла бастады. Бірінші кезекте жұмыс орындарын сақтау мәселесі туындады. Өйткені барлық жерде қысқарту болды. Кейін «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы әзірленді. Соның аясында әкімдіктерге әжетхана салуды ұсындық»,- дейді ол.



Айтуынша, жол картасының арқасында 493 әжетхананың 158-і салынды.



«Алайда олар желілерге қосылмаған. Жабық тұр. Әлбетте, жабық әжетхана көп сынға ұшырайды. Неге? Себебі, бізде әжетхана шығыны мен оны күтіп ұстайтын қызметкерлерге арналған бюджеттік бағдарлама жоқ», - дейді Ержан Еркінбаев.



Вице-министр бүгінде мемлекет санитарлық- гигиеналық тораптарды ұстауға айына 83 мың теңге көлемінде субсидия бөле алатынын айтты.


Ол үшін әкімдіктер өтініш беруі керек.



«Біз әжетхана мәселесін үш рет жоғары деңгейде талқылауға шығардық. Енді осы 493 дәретхана әр әкімдікке нормативті түрде бекітілді. Бұл бағдарлама 2025 жылға дейін іске асуы керек еді, бірақ біз оны 2023 жылдың жазына дейін шешеміз деп ойлаймын», - деп қосты ол.

















Телеграм арнаға жазылыңыз
#туризм #министрлік #әжетхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);