Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде «Қазақстандық отбасылар-2022» ұлттық баян...

Елімізде «Қазақстандық отбасылар-2022» ұлттық баяндамасы таныстырылды

Әлеумет 01.02.2023, 10:47 1,104
Елімізде «Қазақстандық отбасылар-2022» ұлттық баяндамасы таныстырылды
Сурет: BAQ.KZ

Елімізде «Қазақстандық отбасылар-2022» ұлттық баяндамасы таныстырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ басқарма төрағасы Нұрбек Матжани «Қазақстандық отбасылар-2022» ұлттық баяндамасын таныстырды. Сөзінше, мұндай зерттеу бұған дейін 2020 жылы жүргізілген.


Баяндаманың мақсаты – отбасы институты саласындағы негізгі проблемалар мен трендтерді анықтау және еліміздегі отбасы саясатын жетілдіру үшін практикалық ұсыныстар әзірлеу.



Мұндай зерттеулер, оның ішінде деректер отбасы институтында болып жатқан өзгерістер мен оларға объективті түрде берілген ғылыми сараптама қоғам үшін маңызды. Баяндама негізгі 4 тараудан тұрады. Олардың әрқайсысында бірнеше бөлім бар, - деп айтты Нұрбек Матжани.



Бірінші тарауда еліміздегі отбасы саясатын жүзеге асыру процесіне талдау жасалып, оның заңнамалық және институционалдық аспектілері зерттелді. Осы тұрғыда Ұлттық баяндамаға енгізілген қиын жағдайдағы отбасыларға психологиялық, әлеуметтік, құқықтық көмек көрсетуге бағытталған пилоттық жоба, отбасын қолдау орталықтарының қызметіне шолуды ерекше атап өткен жөн.



Бұл бағыт әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды мемлекеттік-әлеуметтік қолдау мәселелерін қарастырған баяндаманың екінші тарауында толығырақ қамтылған. Зерттеуде осы саладағы өзекті мәселелер, оның ішінде табыс көзі, жұмыссыздық, әлеуметтік бейімделу, атаулы әлеуметтік көмек алудағы бюрократия сияқты мәселелер анықталып, оны шешу жолдары бойынша ұсыныстар берілді. Ал үшінші тарауы отбасылардағы ата-ана әлеуетін қалыптастыру және бала тәрбиесінің ерекшеліктерін зерттеуге арналған, - деп түсіндірді институт төрағасы.



Сонымен қатар Матжани қазақстандықтардың репродуктивті денсаулығы туралы статистикалық деректерге назар аудару маңызды екенін айтып, құжаттағы жаңалыққа тоқталып өтті.



Ұлттық баяндаманың төртінші тарауында алғаш рет сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күреске әйелдер мен Отбасы институтының ықпалы туралы мәселе қарастырылады. Сондай-ақ алғаш рет Әкелер институты жан-жақты қарастырылды, - деп атап өтті ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#отбасы #баяндама #жанұя
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.