Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде қант қызылшасы егісін көбейту ұсынылуда

Елімізде қант қызылшасы егісін көбейту ұсынылуда

Әлеумет 14.06.2022, 06:43 1,008
Елімізде қант қызылшасы егісін көбейту ұсынылуда
Сурет: Ernur.kz


Қазақстанда қанттың құны шарықтап барады. Ел аймақтарында тәтті тауардың келісі 400-800 теңге аралығын құрап отыр.


Бұл шекті көрсеткіш емес: күзге қарай баға тіпті 1000 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін дейді мамандар. Тауар бағасының айтарлықтай көтерілуін шикізат бағасының қымбаттауы және оны жеткізудегі логистикалық қиындықтармен байланыстырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап. 


Қант төңірегіндегі дүрбелең ұзаққа созылуы мүмкін, дейді сарапшылар. Маңызды өнімнің тапшылығына байланысты биыл бар болғаны 12 мың тоннаға жуық қант қызылшасы егілді.



"Бұл дақылды өндіруге байланысты шаруалардың өздерінде күрделі мәселелері бар. Маңызды мәселе суға қатысты, себебі бұл – ылғал сүйгіш дақыл. Яғни оны суару керек кезеңде, әдеттегідей, бізде су жеткіліксіз болады. Біз әлі тұқымға 90% тәуелдіміз. Қант қызылшасын өз бетінше іріктеу үшін күрделі жұмыстар жасалуы керек. Сонымен қатар арнайы технологияларды қамтамасыз ету керек. Бұл істер әлі бір жолға қойылған жоқ. Міне, осы салаға жақсы инвестиция қажет", - дейді «Атамекен» ҚР ҰКП Агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры Ербол Есенеев.



«Атамекен» саланы дамытудың алдағы бес жылға арналған бағдарламасын іске қосуды ұсынып отыр. Бұл бағдарлама басқалармен қатар елімізде қант қызылшасы дақылдарын көбейтуді және зауыттарды толық қуатында жүктеуді көздейді. Ұлттық палатаның есебіне сәйкес, бұл үшін Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарының шаруаларына шамамен 104 мың гектар жер қажет.









Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қант қызылшасы #егіс #ұлғайту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.