ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Елімізде қанша шетелдік студент тегін оқиды?

Елімізде қанша шетелдік студент тегін оқиды?

Білім және ғылым 17.08.2023, 12:37 1,253
Елімізде қанша шетелдік студент тегін оқиды?
Сурет: Нalyq-uni.kz
Биыл бағдарламаға қатысуға 6 024 өтінім келіп түсті.

Биыл бағдарламаға қатысуға 6 024 өтінім келіп түсті.


Қазақстандық университеттерде тегін оқығысы келетін 2 149 адам әлемнің 80 елінен конкурсқа қатысқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Осымен төртінші жыл қатарынан елімізде шетелдік азаматтарға, оның ішінде Қазақстан азаматы болып саналмайтын ұлты қазақ тұлғаларға арналған стипендиялық бағдарламаға үміткерлерді іріктеу жүргізілуде. Аталған бағдарламаға қатысуға ниет білдірушілер саны жыл сайын артып келеді. Биыл бағдарламаға қатысуға 6 024 өтінім келіп түсті. Үміткерлер бағдарлама талаптарына сәйкес қатаң іріктеуден өтті. Өтінім білдірушілер жоғары академиялық үлгерім, талап етілген құжаттардың бар болуы және іріктеудің барлық кезеңдерінен сәтті өтуі негізінде іріктелді. Қазіргі күнде үміткерлердің нәтижелерін талдау жұмыстары жүргізілуде», - деп Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өзінің Facebook парақшасында жазды.



Еске сала кетейік, биыл стипендиялық бағдарламаға қатысуға өтінім беру 30 наурыз бен 30 маусым аралығында жүргізілді. 2023 жылы аталған бағдарлама бойынша 550 грант бөлінді. Атап айтқанда, бакалавриат бағдарламаларына 490 грант, магистратураға 50 және докторантураға 10 грант бөлінген.


Соңғы шешім осы жылдың тамыз айының соңғы он күнінде Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы стипендиаттарды іріктеу жөніндегі Конкурстық комиссияның шешімімен қабылданады.


Айта кетерлігі, стипендиялық бағдарлама іске қосылғаннан бері оған қатысуға 10 мыңнан астам үміткер өтінім берген. Бағдарлама бойынша 139 стипендиат отандық жоғары оқу орнын тәмамдады. Бүгінде 538 студент аталған бағдарлама шеңберінде білім алып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,179 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.