ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Елімізде оқушылардың білім жетістіктеріне монитори...

Елімізде оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу басталды

Білім және ғылым 26.04.2023, 14:33 1,880
Елімізде оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу басталды
Сурет: Inbusiness.kz
Мониторинг 26 сәуір мен 11 мамыр аралығында болады.

Мониторинг 26 сәуір мен 11 мамыр аралығында болады.


Биыл білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингін өткізу кезінде академиялық адалдық қағидаттарының сақталуын бақылау үшін Оқу-ағарту министрлігінің қызметкерлері, Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы және педагогикалық жоғары оқу орындарының қызметкерлері тартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап.


Өткізу форматы халықаралық зерттеулер секілді стандарт бойынша әр аудиторияда тест-әкімшілер болады.


Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету саясаты басқармасының басшысы Динара Әбілқанованың айтуынша, мониторинг функционалдық сауаттылық деңгейін бағалауға және алған білімдерін мектеп қабырғасында және өмірлік жағдайларда қолдана білуге бағытталған.



«Білім сапасы туралы нақты дерек алу үшін көптеген елдер білім алушылардың оқу жетістіктерін ұлттық деңгейде үнемі бағалап отырады. Осылайша, маңызды сұрақтарға жауап алады. Оқыту қаншалықты жүйеленген? Оқушылардың білім алу деңгейі қандай және олар қоғамға енуге қаншалықты дайын? Міне, осы сұрақтарға жауап алу біздің білім беру жүйеміз үшін де маңызды. Тек ББЖМ-нің объективті нәтижелері ғана дұрыс қорытынды жасауға және тиісті шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді», - дейді басқарма басшысы.



Тестілеу мемлекеттік бақылау нысаны емес. Сондай-ақ білім алушы, білім беру ұйымдары үшін де құқықтық салдары жоқ.


ББЖМ-ге 4 және 9-сыныптардан 50 мыңнан астам оқушысы қатысады. 1 472 мектепте үш бағыт бойынша компьютерлік кешенді тестілеу түрінде өтеді. Ол оқу, математикалық және жаратылыстану сауаттылығы. Мониторинг 26 сәуір мен 11 мамыр аралығында болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,179 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.