AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде оқу бітірген жас мамандардың 40%-ы маманд...

Елімізде оқу бітірген жас мамандардың 40%-ы мамандық бойынша істемейді

Әлеумет 31.03.2022, 04:19 1,335
Елімізде оқу бітірген жас мамандардың 40%-ы мамандық бойынша істемейді
Сурет: Egemen.kz

Сарапшылардың болжамы бойынша, алдағы 5 жылда қызметкерлердің дағдылары мен талаптардың 40%-ға жуығы өзгереді.


Жастардың 34,1%-ы мамандықты өз бетінше таңдайды. Сарапшылардың болжамы бойынша, алдағы 5 жылда қызметкерлердің дағдылары мен талаптардың 40%-ға жуығы өзгереді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Вице-министрдің айтуынша, еңбек нарығына талдау жүргізілген. Соған сәйкес, назар аударуды талап ететін негізгі аспектілер айқындалған. 



«Атап айтқанда, жұмыспен қамтылғандардың 15,2%-ының тек орта білімі бар, түлектердің 40%-дан астамы мамандық бойынша жұмыс істемейді, жастардың 34,1%-ы мамандықты өз бетінше таңдайды», – деді вице-министр. 



Осы мәселелерді шешу үшін:



  • бизнеспен бірлесіп, кәсіпорындар жанындағы оқу орталықтары базасында жаппай қайта даярлаудың, біліктілікті арттырудың «фабрикаларын» құру қажет. Жастарды сұранысқа ие мамандықтарға оқытуға ерекше назар аудару жоспарлануда;

  • сұранысқа ие дағдыларды тану жүйесін енгізу. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Еңбекмині «Кәсіптік біліктілік туралы» заң жобасын әзірледі. Оның шеңберінде біліктілікті танудың тәуелсіз орталықтарын құру үшін тиімді жағдайлар жасау, жыл сайынғы сертификаттаудан өту үшін ізденушілерге кемінде 1000 ваучер ұсыну көзделеді. Яғни, бір реттік ваучер негізінде жұмыссыздар кейіннен жұмысқа орналасу үшін өз біліктілігін растай алады;

  • skills.enbek.kz платформасы арқылы жаңа білім мен дағдыларды игеру үшін жағдай жасау. Портал 2021 жылы жалпы ел халқының білім деңгейі мен кәсібилігін арттыру, мансаптық дамуды ынталандыру және «Өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілету мақсатында іске қосылды. Бұл - Coursera сияқты халықаралық онлайн оқыту платформаларының аналогы;

  • оқушылар мен жастар арасында кәсіптік бағдарлауды ұйымдастыру үшін мансаптық ілгерілеу бойынша кемінде 100 нұсқаулық әзірлеу. Сұранысқа ие кәсіптер мен перспективалы дағдылардың тізімі жыл сайын жаңартылып отырады.


Сонымен қатар, өңірлерде жұмыспен қамту карталары қалыптастырылмақ.  Осылайша, 2025 жылға дейін 2 млн-нан астам, оның ішінде 600 мыңнан астам тұрақты және 1,4 млн-нан астам уақытша жұмыс орындарын құру жоспарланған. 



«Барлық құрылған жұмыс орындары "Жұмыс орындарын құрудың интеграцияланған картасы" ақпараттық жүйесінде визуалданатын болады. Жергілікті атқарушы органдардың алдына жүйені сапалы толтыру міндеті қойылды. Екі айдың қорытындысы бойынша, шамамен 65 мың жұмыс орны немесе жылдық жоспардың 15% (444,4 мың) құрылды, оның ішінде 16 мыңнан астамы тұрақты», – деп хабарлады Ержан Біржанов.



Вице-министр сондай-ақ биылдан бастап мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесіне сәйкес экономиканың басым салалары бойынша ұлттық жобаларды іске асыру басталғанын, олардың негізгі міндеті жұмыс орындарын құру болып табылатынын атап өтті. Өз сөзінің соңында спикер Еңбек министрлігі жаңа трендтерге сәйкес халықты жұмыспен қамту саласын цифрландыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.



«Негізгі мақсат – бизнес-үдерістерді толығымен қайта қарау, проактивті форматқа көшуді жүзеге асыру. Ол үшін біз бірыңғай цифрлық экожүйені құратын боламыз, оған мынадай сервистер кіреді: Электрондық еңбек биржасы – enbek.kz, қысқа мерзімді онлайн курстар порталы – skills.enbek.kz, фрилансерлер үшін жұмыс іздеу қызметі – freelance.enbek.kz, еңбек шарттарын есепке алудың электрондық жүйесі – ehr24.kz, кәсіпкерлікті дамыту шараларын көрсету жөніндегі автоматтандырылған жүйе – business.enbek.kz. Бұл сервистерді Еңбекмині «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ мамандарымен бірлесіп дербес әзірлейді», – деп қорытындылады Ержан Біржанов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жас мамандар #мамандық #жұмыспен қамту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);