ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Елімізде неге суицид жиілеп кетті? Психолог дабыл...

Елімізде неге суицид жиілеп кетті? Психолог дабыл қақты

Алматы 07.08.2025, 10:51 360
Елімізде неге суицид жиілеп кетті? Психолог дабыл қақты
сурет: everystockphoto.com
Соңғы апталарда ел ішінде суицид деректері жиілеп, қоғамның үрейін күшейтті. Алматыда ҚазҰУ студенті 14-қабаттан секіріп көз жұмды. Одан кейін Павлодарда әйел адам екі баласын терезеден лақтырып,...

Кейінгі апталарда ел ішінде суицид деректері жиілеп, қоғамның үрейін күшейтті. Бұл оқиғалар суицид мәселесінің тереңде жатқанын, оны тек факт ретінде емес, адам жанының дабылы ретінде қабылдауымыз керек екенін көрсетіп отыр. Осы орайда Аqshamnews.kz тілшісі психолог маманмен сұхбаттасып, суицидке итермелейтін факторлар мен алдын алу жолдарын сөз етті.

 

Ұлмекен Сәндібекқызы

психолог, гештальт-терапевт

"Суицидтің түпкі себебі – шарасыздық пен жалғыздық"

Психолог Ұлмекен Сәндібекқызының айтуынша, суицидке көбіне жалғыздық, жақындарынан қолдау көрмеу, қаржылық қысым, ажырасу, немесе жақынын жоғалту сияқты ауыр эмоционалдық сәттер итермелейді.

"Адам тығырыққа тірелгенде, бұл күйден шығатын жол жоқ деп ойлайды. Ұзақ уақытқа созылған күйзеліс, психикалық ауытқушылық, отбасындағы қиындықтар - бұлардың бәрі адамды өмірден түңілуге итермелейді. Қобалжу, қорқыныш сезімдері қатар жүреді", – дейді маман.

Суицидке баратын адамның психологиясынан қандай белгілер байқалады?

Суицидке баратын адам көбіне бұл шешімді ішінен пісіріп, дайындала бастайды. Оның ойында "Менің өмірімнің мәні жоқ", "Шаршадым", "Өмірден түңілдім" деген секілді сөздер қайталанады.

"Мұндай адам көп оқшауланып, ұзақ уақыт жалғыз отырады. Көңілсіздік пен енжарлық - басты белгілер. Мұндай сәтте жақынының зейіні мен назары – маңызды", – дейді психолог.

"Сөйлескісі келген адамға тыңдар құлақ керек"

Егер жақын адамыңыз сізге суицид жайлы ойларымен бөліссе, оны қорқытпай, ұялтпай, керісінше жылы қабылдау керек.

"Ең бастысы – сізге арқа сүйей алатынын, жалғыз емес екенін сезіндіру. "Олай ойлама!" деп бірден тежеу қауіпті. Бұл адамды одан сайын тұйықтап жіберуі мүмкін. Оның орнына тыңдап, қолдап, өмірде кездескен қиындықтарды еңсере алғанын еске салған жөн. Оған күш-жігері жететінін, өз өміріне өзі жауап бере алатынын түсіндіру керек", – дейді маман.

Психологтың көмегін қалай ұсыну керек?

Жақыныңыздың жағдайы алаңдатса, бірден "психологқа бар" деп талап етудің орнына, жылы ұсыныс жасаңыз.

"Адам өзі шешім қабылдауы тиіс. Егер ол мүлде жүгінгісі келмесе - бұл да оның таңдауы. Бірақ үміт үзілмегені дұрыс. Жағымды орта, сенім мен байланыс адамды көп нәрседен сақтай алады", – дейді психолог.

Қазақстанда суицид неге жиілеп кетті?

Маман қазіргі уақытта буллинг, отбасындағы зорлық-зомбылық, есірткіге тәуелділік пен лудоманияның белең алуы суицидке әсер ететінін айтады.

"Егер осы мәселелердің алдын алып, қоғамға суицидтің шешім емес екенін түсіндіре алсақ, бұл көрсеткіш біршама төмендер еді. Ол үшін ең алдымен психологиялық ағарту жұмыстары қажет», – дейді психолог.

Суицидтен кейін адам қоғамнан алыстап, ескі таныстарынан қол үзіп жатады.

"Қоғам мұндай жағдайда адамның өзіне жиі күйе жағады. Бірақ адам бұл сәтті алдымен өзі қабылдап, өзін кешіруі керек. Қоғамды өзгерту қиын. Сол себепті ішкі иммунитетті қалыптастырған әлдеқайда тиімді", – дейді маман.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,270 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.