AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде нан бағасы қымбаттады

Елімізде нан бағасы қымбаттады

Әлеумет 11.10.2022, 06:32 1,492
Елімізде нан бағасы қымбаттады
Сурет: Atpress.kz

Оның себебін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


«Нанға қатысты ахуал мынадай. 4 қазанда нан 11,9 пайызға қымбаттады. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қаңтардан қыркүйекке дейн арзандатылған астық, тоннасын 90 мың теңгеден жеткізді. Қазаннан бастап жылдың соңына дейін өңірлер жаңа астықты өздері сатып алып жатыр. Биыл астық бағасы жылдың ортасындағы бағамен салыстырғанда біршама төмендеді», - деді Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Министрдің айтуынша, нан бағасының қымбаттауына бірнеше себеп болуы мүмкін.


«Электр энергиясы, коммуналдық қызметтер қымбаттап жатыр. Сондықтан да жалпы бағасы өсімі бар. Оны байқап отырмыз. Қаңтардан бастап бағаны тұрақтандыру үшін барлық іс-шараны қабылдаймыз. Жалпы, бағаның күрт көтерілуіне негіз жоқ. Өйткені, ұн өткен жылмен салыстырғанда молынан өндіріліп жатыр. Бидай орташа жылдық түсімен жоғары екендігі анық. Тұрақтандыру қорына биыл миллион тонна астық жинауды жоспарлап отырмыз. Оның 900 мың тоннасы бидай болады», - деді ол.

Сонымен қатар министр әлеуметтік азық-түліктің барлығының, оның ішінде әлеуметтік ұнның бағасы бақылауда болатындығын баса айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#нан #қысбатшылық #себептер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);