AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Елімізде латын әліпбиіндегі маңдайшаларды ілуге уа...

Елімізде латын әліпбиіндегі маңдайшаларды ілуге уақытша тыйым салынды

Заң мен тəртіп 20.08.2026, 12:09 267
Елімізде латын әліпбиіндегі маңдайшаларды ілуге уақытша тыйым салынды
kursiv.media

Мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге әзірге латын графикасындағы маңдайша жазулар мен баннерлерді орналастырмау ұсынылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл уақытша шектеудің себебін Ғылым және жоғары білім министрлігі түсіндірді.

Шектеу мемлекеттік те, жекеменшік те ұйымдарға қатысты. Оларға қазақ тілінің латын графикасына негізделген жаңа әліпбиі бекітілгенше күте тұру ұсынылды.

«Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға әліпби жетілдірілген нұсқада бекітілгенге дейін меншік нысанына қарамастан барлық ұйымның латын графикасында көрнекі және өзге де ақпарат орналастыруын уақытша тоқтата тұру ұсынылды», – деп хабарлады ведомство «Курсив» сауалына.

Латын әліпбиіне көшу жұмыстары қай кезеңде

Министрліктің мәліметінше, қазір Тіл білімі институтының, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының және жоғары оқу орындарының ғалым-лингвистері қазақ тілінің латын графикасына негізделген әліпбиі мен емле ережелерінің жобасын жетілдіріп жатыр.

Бұған дейін қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге бөлінген қаражаттың басым бөлігі жұмыс жоспарларының өзгеруіне байланысты бюджетке қайтарылған болатын.

Сонымен қатар жаңа әліпби мен барлық нормативтік құжаттар ресми бекітілгеннен кейін ғана жоба мен цифрлық сервистерді дамытуға республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлінеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Латын әліпбиі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);