AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде «Жасыл кеңсе» экобайқауы басталды

Елімізде «Жасыл кеңсе» экобайқауы басталды

Әлеумет 06.05.2022, 11:31 1,787
Елімізде «Жасыл кеңсе» экобайқауы басталды
Сурет: Elorda.info

Байқаудың мақсаты – қоғамдық пайдаланудағы ғимараттардың экологиялылығын, жайлылығын және эргономикасын арттыру үшін экологиялық өмір салты, «жасыл» және төмен көміртекті технологиялар қағидаттарын ілгерілету, озық тәжірибенің үздік үлгілері мен технологиялық шешімдерін тарату.


Бұл туралы Парламенті Мәжілісінің депутаты Елдос Абақанов  «Жасыл кеңсе» экологиялық республикалық байқауының баспасөз брифингінде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 



«Жасыл кеңсе» байқауы осыған дейін де өтті. Ғимараттарды жасылдандыруға тікелей байланысты. Олардың қоршаған ортаға әсерін төмендету. Елімізде бұл қағида бірте-бірте енгізіліп жатыр. Орталықтандырылған стандарт жоқ. Әрбір кәсіпорын өздері анықтайды. Кейбіреуі суды, энергияны үнемдеуі мүмкін, – деді Елдос Абақанов. 



Байқау ресми түрде 2022 жылдың 6 мамырынан 5 қыркүйегіне дейін сегіз номинация бойынша басталады, оған мемлекеттік органдар, білім беру, денсаулық сақтау, коммерциялық және сауда құрылымдары, индустрия, ҮЕҰ өкілдері қатыса алады. 


Жобаны іске асырудың 3 жылы ішінде конкурсқа 220 ұйым қатысты, олардың 70-і талаптарға сай және жеңімпаз атанды. Бүгінгі таңда олар өз филиалдарында «Жасыл кеңсе» қағидаттарын енгізуді жалғастыруда.


2020 жылдан бастап байқауды өткізу шеңберінде Қазақстанның түрлі өңірлерінде экологиялық кеңсенің қағидаттарын енгізу бойынша көшпелі семинарлар өткізіледі. Осы жылы мұндай семинарлар тренердің қатысуымен үш облыста – Павлодар, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#байқау #Жасыл кеңсе #жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);