ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Елімізде және шет елдерде Нұрғиса Тілендиевтің 100...

Елімізде және шет елдерде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған еске алу кештері өтті

Мәдениет 06.03.2025, 17:47 690
Елімізде және шет елдерде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған еске алу кештері өтті
Сурет: Gov.kz
Биыл қазақтың көрнекті композиторы, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толады.

Биыл қазақтың көрнекті композиторы, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толады.

2023 жылы Әзербайжанда өткен ТҮРКСОЙ-ға мүше мемлекеттердің мәдениет министрлері Тұрақты кеңесінің 40-шы отырысының қорытындысы бойынша, 2025 жыл ұлы композитордың 100 жылдық мерейтойына орай ТҮРКСОЙ ұйымы аясында Нұрғиса Тілендиевті еске алу жылы болып жарияланды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Қазақстанда және шет елдерде композитордың өмірі мен шығармашылығына арналған естелік іс-шаралар өтуде.

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы Түркияда да атап өтілді. Анкарада ТҮРКСОЙ ұйымы аясында еске алу жылының ашылу салтанаты өтті. Түркі әлемінің көрнекті қайраткеріне арналған іс-шара барысында Нұрғиса Тілендиевтің шығармалары орындалып, оның өмірі мен шығармашылығы туралы көрме қойылып, қысқаметражды фильм ұсынылды.

ҚР Ұлттық кітапханасында да Нұрғиса Тілендиевті еске алу кеші өтті.
Іс-шараға композитордың қызы, Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» Мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Динара Тілендиева, сондай-ақ консерватория, музыкалық колледж студенттері мен мектеп оқушылары, кітапхана оқырмандары мен кеш қонақтары қатысты.

Кездесуде «Отырар сазы» оркестрі Нұрғиса Тілендиевтің шығармаларын орындады. Сондай-ақ, «Дәуір үні – Нұр-аға» кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапхананың үлкен залында композитордың мемориалдық музейінің экспозициясы ұсынылды. Көрмеге Нұрғиса Тілендиевтің фотосуреттері, марапаттары, «Болмасын соғыс, болмасын!» туындысының нотасы, жеке домбырасы және басқа да құнды дүниелері қойылды.

Қазақтың көрнекті композиторының 100 жылдығына арналған іс-шаралар жыл бойы атап өтіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.