ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Елімізде жаңа оқу жылында 7 мыңнан астам мектеп бе...

Елімізде жаңа оқу жылында 7 мыңнан астам мектеп бес күндік оқыту режиміне көшеді

Білім және ғылым 27.08.2022, 10:05 1,509
Елімізде жаңа оқу жылында 7 мыңнан астам мектеп бес күндік оқыту режиміне көшеді
Сурет: Informburo.kz
Оқушылар енді 173 күн оқиды.

Оқушылар енді 173 күн оқиды. 


Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Жаңа оқу жылында елімізде 7 мыңнан аса мектеп жұмыс істейтін болады. Оларға жалпы саны 3,6 млн бала келеді және оқушыларға 384 мыңнан астам педагог сабақ береді. Дәстүр бойынша, 1 қыркүйекте республиканың барлық мектебінде Білім күніне арналған салтанатты іс-шаралар, сондай-ақ «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында сынып сағаты өтеді», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.



Оның айтуынша, салтанатты шараны өткізу форматын, қатысушылар құрамын білім беру ұйымдары өздері айқындайды.



«Оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 31 мамырға дейін, яғни 36 аптаға созылады. Жаздың алғашқы күнінен бастап оқушылар дәстүрлі түрде жазғы демалысқа шығады. Тиісінше, жаздың 3 айында балалар толығымен демалады. Жалпы, бір оқу жылында балалар 4 рет демалады. Бұл жерде ешқандай өзгеріс жоқ. Жазғы демалыс күндерін қосқанда балалар жалпы 192 күн демалады, ал 173 күн оқиды. Оқу жылының 36 апта болуына байланысты, үш ауысымды мектептерді қоспағанда, 7 мыңнан астам мектеп жаңа оқу жылында бес күндік оқыту режиміне көшеді. Бұл мектептерде 3,4 млн бала және 300 мыңнан астам педагог бар», - деді Шолпан Каринова.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.