Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде жаңа көліктерге сұраныс артқан

Елімізде жаңа көліктерге сұраныс артқан

Әлеумет 15.09.2023, 03:15 884
Елімізде жаңа көліктерге сұраныс артқан
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстанның Автокөлік Одағы берген мәлімет бойынша тамыз айында елде 18 мыңнан астам жаңа автомобиль сатылған.


Осылайша көлік саудасы өзіндік рекордты жаңартып отыр. Бұл отандық авторитейл тарихындағы ең жақсы көрсеткіш, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.


Нарық әлемдік дағдарыстан соң жанданып, дилерлік орталықтар танымал автобрендтердің көліктерімен толықты. Қазақстанның Автокөлік Одағы сарапшыларының айтуынша сатылым модельдер санының, әсіресе бюджеттік автомобильдер қатарының артуымен байланысты. Қазақстандықтар жаңа модельдердің технологиясы мен сапасын жақсы бағалап, түрлі қаржылық бағдарламаларды қолданған. Қазақстанның Автокөлік Одағы автомобиль мен авто бөлшектерді локолизациялауға ерекше мән беріп отыр.



Анар Мақашева, Қазақстанның Автокөлік одағының президенті: Қазақстанда шынайы автомобиль өндірісін қалыптастыру үшін біз елімізде автокомпоненттерді көп шығаруға ден қоямыз. Біз Қазақстанда автомобиль арзандау үшін барлық жігерімізді жұмсаймыз.



Енді автокомпоненттер «Астана Моторс» компаниясының технопаркінде шығарылады. Бұл жерде көп ұзамай машинаға арналған орындық, мультимедиа мен пластикалық бұйымдар жасайтын үш завод ашылады. Алғашқы өнімдер келесі жылы пайдалануға беріледі.


Асқар Ибрашев, Astana Motors Engineering директоры:



- Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында экономиканың өңдеуші секторын дамытуға, оның ішінде автомобиль бөліктерін жасаудың маңызын атап өтті. Біз шағын және орта бизнеске  Алматы мен Қазақстандағы автомобиль кәсіпорындарына қажетті бөлшектерді өндіру үшін кластер құрамыз. Бұл болашақта автомобиль бағасына оң ықпал етеді.



Биыл сегіз айда 120 мыңнан астам жаңа көлік сатылса, соның 73 проценті Қазақстанда жасалған. Яғни, қазақстандық кәсіпорындар қаңтар-тамыз айының арасында 96 мың автомобиль шығарған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 41 процентке көп.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#көлік #Автосалон #әлеумет #қоғам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.