AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде жаңа көліктер саны артып келеді

Елімізде жаңа көліктер саны артып келеді

Әлеумет 14.07.2023, 08:56 1,249
Елімізде жаңа көліктер саны артып келеді
Сурет: ашық дереккөз

Елімізде автокөлік саны бір жыл ішінде 8,4 пайызға көбейіп, биыл сәуірдің соңында 4,1 млн-ға жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  


Ranking.kz порталының мәліметінше, өсім барлық жыл санаттары бойынша байқалады. Дегенмен, шыққанына 3 жыл болмаған көліктердің елеулі өсімі тіркеліп отыр. Олардың саны бірден 31,1 пайызға артқан. Сонымен қатар әне-міне ескі көліктер санатына кірейін деп тұрған 10-20 жылдық көліктер саны да 13,5 пайызға көбейген.


Елімізде ескі көліктер әлі көп. Шығарылғанына 20 жылдан асқан автокөліктердің саны бір жылда 4 пайызға артып, 2 млн-ға жуықтады, алайда олардың үлесі 50,3 пайыздан 48,3 пайызға дейін төмендеді, -деп жазды ҚазАқпарат.


20 жылдан асқан ескі автокөліктердің ең көп саны Алматы облысында тіркелген: 317,7 мың, одан кейін Алматы қаласы (180,9 мың) және Қарағанды облысы (157,6 мың) тұр.


Бұл ретте, пайыздық үлес бойынша ескі көліктер ең көп өңірлер - Жамбыл (69,6%), Алматы (64,9%) және Оңтүстік Қазақстан (66,6%) облыстары. Бұрынғы Оңтүстік Қазақстанда тіркелген көліктер саны 148,7 мың болса, оның 99,1 мыңы - ескі.


Ескі көліктердің бағасы бесінші ай қатарынан төмендеп келеді. Нәтижесінде, 2023 жылдың маусымында жүрілген жеңіл автокөліктер былтырғы сәйкес мерзімімен салыстырғанда бір айда 1,3 және бір жылда 5,2 пайызға арзандады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көлік #пайыз #салон
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);