AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде жаңа жылда қандай өндіріс орындары ашылад...

Елімізде жаңа жылда қандай өндіріс орындары ашылады?

Әлеумет 28.12.2021, 04:59 1,401
Елімізде жаңа жылда қандай өндіріс орындары ашылады?
Сурет: Inform.kz

2022 жылы бірқатар жаңа өндіріс ашылады.


Бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов құрылыс саласында келесі жылы ашылатын жаңа өндірістер туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.


Олардың ішінде мыналарды атап өтуге болады:


- «Orient Ceramic» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ірі көлемді керамика плиткаларды өндіру зауыты. Қуаттылығы 3 млн шаршы метр (инвестиция көлемі - 7 млрд теңге, 250 жұмыс орны);


- «Bolashak Electric» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жабық вакуумды ажыратқыштар мен микро-процессорлық жүйелерді өндіру зауыты (инвестиция көлемі – 3 млрд теңге, 100 жұмыс орны);


- «Valtherm» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің радиаторлар өндіру зауыты (инвестиция көлемі – 3,6 млрд. теңге, 100 жұмыс орны);


- «SG Brick» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еліміздегі ең ірі кірпіш зауыты. Қуаттылығы жылына 100 млн кірпіш (инвестициялар көлемі –11,2 млрд теңге, 50 жұмыс орны).



«Ішкі нарықты отандық өндірістің неғұрлым сұранысқа ие құрылыс тауарларымен (санфаянс, ламинатталған жабын, шыны мақта, қыш тақтайша, бөлмеаралық есік, жылу оқшаулағыш материалдар) қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады. «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамымен бірлесіп жалпы сомасы 601,3 млрд теңгеге 35 импортты алмастыратын жобаны іске асырып, 8 616 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда», - деді Б. Атамқұлов.



Оның айтуынша, санфаянс, керамика плитка, минералдық жылытқыш, ағаш-жоңқа тақтасы сияқты отандық құрылыс тауарларымен қамтамасыз ету бойынша жаңа өндірістерді ашу көзделіп отыр.



«Бұл жобаларды іске қосу ішкі нарықтағы импорт үлесін шамамен 60 пайызға төмендетеді және құрылыс материалдары бағасының ауытқуын болдырмайды. Жаңа жобаларды іске қосу 2025 жылға қарай өнімнің 10-нан астам түрі бойынша орташа жылдық қажеттілікті 700 млн АҚШ доллары көлемінде өтеуге мүмкіндік береді. Тауар позициялары бойынша – темір бетон бұйымдары, бетон, құрғақ қоспа, лак бояу, кірпіш, шыны, кабель, ағаш-жоңқа тақталары және қасбеттік тақталар бойынша ішкі нарық сұранысын 100% жабу жоспарлануда», - деді ведомство басшысы.



Сонымен қатар, ішкі нарықтың 50% астамы импортқа тәуелді құрылыс материалдары - алюминий радиатор, полиэтилен құбыр, шатыр материалдары, радиатор, металл жабындар, есік блоктары, керамика плитка, санфаянс және арматура бойынша сұранысты жабу жоспарланып отыр.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#атамқұлов #өндіріс #зауыт #құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);