AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Елімізде жаңа халықаралық әуежай бой көтереді

Елімізде жаңа халықаралық әуежай бой көтереді

Барлығы 25.11.2025, 10:01 758
Елімізде жаңа халықаралық әуежай бой көтереді
depositphotos.com

Қазақстанда Қорғас торабында жүк және жолаушыларға арналған жаңа әуежай салынады, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, Қазақстан–Қытай шекарасындағы Қорғас торабында SkyHansa жүк-жолаушылар әуежайы бой көтереді. Ол хабты дамытудың негізгі элементіне айналып, өңірдің өткізу қабілетін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Министрдің мәліметінше, шекарада Қытаймен бірлескен толыққанды логистикалық кешен құрылып жатыр. Жаңа әуежай транзитті күшейтіп, жүк ағындарының көлемін ұлғайтуға және жаңа бағыттар ашуға жол ашады.

Қазіргі уақытта «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА аумағында 64 қатысушы тіркелген. Жалпы құны 58,6 млрд теңге болатын 32 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, шамамен 2 300 жұмыс орны құрылған. Ірі жобалар қатарында қазақстан-қытай өнеркәсіптік қаласы, жел энергетикалық қондырғылар мен энергия сақтау жүйелерін өндіретін зауыт, металл бұйымдары өндірісі, сондай-ақ кофе және шай сусындары зауыты бар.

Сонымен бірге хабтағы логистикалық инфрақұрылым ауқымды жаңғыртудан өтіп жатыр: «Khorgos Gateway» терминалы 18 теміржол желісіне дейін кеңейтіліп, Қытайдың еркін экономикалық аймағымен тікелей логистикалық дәліз құрылып жатыр. Sarens компаниясының өндірістік-логистикалық кешені мен бондтық қоймалар да салынып жатыр.

Арман Шаққалиевтің айтуынша, Қорғас торабы Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара сауда мен экономикалық ынтымақтастықты күшейтетін маңызды буынға айналып, шекарада тұрақты индустриялық орта қалыптастыруға ықпал етпек. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әуежай #Қытай #қорғас #Қорғас Шығыс қақпасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);