AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде ішкі туризм жақсарып келеді

Елімізде ішкі туризм жақсарып келеді

Әлеумет 28.02.2022, 05:30 1,610
Елімізде ішкі туризм жақсарып келеді
Сурет: Qazaqtv.com

Бұл туралы Мәжілісте ішкі туризм тақырыбына арналған Үкімет сағатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.


2021 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ішкі туристер саны 5,2 млн адамды құраған. Министрдің айтуынша, өткен жыл ұлттық парктерге туристердің ең көп келген жылы болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 



«Мемлекет басшысы Министрлікке туризм саласын ел экономикасын дамытатын драйверге айналдыруды жүктеді. Бізде бұған қажетті рекреациялық, экологиялық, инвестициялық және адами сияқты ресурстардың бәрі бар. Эпидемиологиялық жағдай мен шекарадағы карантиндік шектеу шараларының себебінен келу туризмі бойынша көрсеткіштердің айтарлықтай төмендегені белгілі. Дегенмен, карантиндік талаптар жеңілдегеннен кейін бірқатар көрсеткіштердің, оның ішінде ішкі туризмнің де жақсарғаны байқалып отыр. 2021 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша, ішкі туристер саны 5,2 млн адамды құрады. Бұл, 2019 жылғы карантинге дейінгі көрсеткішпен салыстырғанда, 100 мың адамға артық», - деді Д. Абаев.



2021 жылы туристер саны 2019 жылмен салыстырғанда 300 мыңға көбейіп, 1,5 млн адамды құраған. Әсіресе, Алматы тау кластерінің ұлттық парктеріне келушілердің еселеп артқанын айту керек: Іле Алатауы (212 мыңнан 430 мыңға дейін), Көлсай (83 мыңнан 160 мыңға дейін) және Шарын.



«Бұл ұлттық парктерге өз жобаларын табиғатқа зиян келтірмей жүзеге асыратын инвесторларды тарту ісінің тиімділігін тағы бір мәрте дәлелдейді. Сондай-ақ орналастыру орындары көрсететін қызмет көлемі де өсуде. Мысалы, өткен жылғы 9 айдың қорытындысы 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 66%-ға өскені байқалады. Орналастыру орындары 182 бірлікке, ал олардың біржолғы сыйымдылығы 9 мыңнан астамға көбейді. Яғни біржолғы тәртіпте 200 мыңға жуық адамды қабылдай аламыз», - деді министр.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ішкі туризм #Мәжіліс #туристер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);