AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде инвестициялық виза енгізіледі

Елімізде инвестициялық виза енгізіледі

Әлеумет 06.09.2022, 05:27 1,120
Елімізде инвестициялық виза енгізіледі
Сурет: У-nos.com

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді.


Виза Қазақстан экономикасына 300 мың доллардан астам инвестиция құйған кәсіпкерлерге беріледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Арнайы экономикалық аймақ қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында бірқатар шаралар әзірленіп жатыр.


Қазақстан шетелдік бизнесмендер үшін инвестициялық виза енгізуді жоспарлап отыр.



«Ел экономикасына бір уақытта үш жүз мың доллардан астам инвестиция салған шетелдік бизнесмендерге инвестициялық визаны енгізу үшін Көші-қон саясаты тұжырымдамасына және «Халықтың көші-қоны туралы» заңына өзгерістер енгізіледі», - деді Қуантыров үкімет отырысында.



Сондай-ақ жер қойнауын игеруге инвестиция тарту үшін заңнамаға рәсімдерді оңайлату бойынша тиісті өзгерістер енгізіледі. Арнайы экономикалық аймақ қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында бірқатар шаралар әзірленіп жатыр.


Соның ішінде инвестициялық жеңілдіктер берудің сараланған тәсілін енгізу жоспарлануда. Сәулет-құрылыс қызметін реформалау, сондай-ақ ескірген құрылыс стандарттары мен нормаларын өзектендіру мақсатында тұжырымдамалық жаңа құжат – Қала құрылысы кодексі қабылданады.


«Самұрық-Қазына» қорының қызметі стратегиялық маңызды секторлардағы компаниялар акцияларының мажоритарлық пакетіне ғана иелік ететін инвесторға қайта форматталады.


Барлық шара Президенттің 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасында көзделген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#виза #кәсіпкер #экономика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);