AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Елімізде халықаралық Олимпиада күні өтеді

Елімізде халықаралық Олимпиада күні өтеді

Спорт 22.06.2023, 10:35 1,634
Елімізде халықаралық Олимпиада күні өтеді
Сурет: Оlympic.kz

Датасы Халықаралық Олимпиада комитетінің құрылған күніне орайластырылған.


Қазақстанда спорттың танымалдылығын арттыру мақсатында халықаралық Олимпиада күні өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


23 маусымда Халықаралық Олимпиада комитетінің қолдауымен бүкіл әлемде Халықаралық Олимпиада күні атап өтеді.



1948 жылы 42 сессия кезінде Халықаралық Олимпиада комитеті Санкт-Морицеде жыл сайын 23 маусымда Халықаралық Олимпиада күнін атап өту туралы шешім қабылдады. Бұл күн ХОК-тың құрылған күнін - 1894 жылғы 23 маусымды тарихта мәңгілікке қалдыру үшін таңдап алынды. Ал оған бастамашы болған, олимпиадалық қозғалыстың қайта жандандыру идеясының жанашыры барон Пьер де Кубертен Халықаралық атлетикалық конгресс алдында сөз сөйлеп, өзінің тарихи баяндамасын ұсынды.



Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті - әлемдік акцияның белсенді қатысушысы. Қазақстанда олимпиадалық қозғалысты ілгерілету және халық арасында спорттың танымалдылығын арттыру мақсатында Олимпиада күнін мерекелеу 30 жыл бойы өткізіліп келеді.


Бұл мереке, олимпиадалық қозғалыстың өзі сияқты, барлық шектеулер мен шекараларды жойып, күллі адамзатты біріктіреді. Ал олимпиадалық қозғалыстың басты құндылығы - адам, негізгі принциптері – достық, өзара түсіністік пен ынтымақтастық.


Бүгінде Олимпиада ойындарының жеңімпазы, ең болмағанда оның қатысушысы болуды армандамайтын спортшы жоқ шығар. Себебі олимпиада чемпиондары - кез-келген елдің мақтанышы, бетке ұстар азаматтары. Олимпиадалық қозғалыстың мақсаттарына келер болсақ, олардың бірі - жастарды өзара түсіністік рухын нығайтатын спорт арқылы тәрбиелеу.


Тарихи күнге орай елордадағы Триатлон саябағында Олимпиада чемпиондары мен спорт түрлері бойынша жүлдегерлердің шеберлік сабақтарымен, каратэ мен таеквондодан көрме ойындарымен үлкен спорт мерекесі өтеді. Жас спортшылар мен көрермендер эстафеталарға, түрлі жарыстар мен байқауларға қатысып, ҚР ҰОК-тан естелік сыйлықтар мен кәдесыйлар алады.


Сонымен қатар, дәстүр бойынша ҚР ҰОК мен спортшылар жыл сайын "Олимпиада күнінде дүние есігін ашқан" акциясын өткізіп, бүкіл Қазақстан бойынша аналар мен жаңа туған нәрестелерге естелік сыйлықтар табыстайды. Ондағы ой - анасы мен баласына қуаныш сыйлау. Олимпиада күнінде туылғандар келешекте өз елінің бетке ұстар азаматтары болар не болашақ Олимпиада чемпиондары ретінде тарихта қалар, кім біледі?!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#олимпиада #хок #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);