Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде ет және ет өнімдері қымбаттады

Елімізде ет және ет өнімдері қымбаттады

Әлеумет 18.05.2022, 09:45 1,359
Елімізде ет және ет өнімдері қымбаттады
Сурет: Baq.kz

2022 жылғы қаңтар-наурызда ет және тағамдық субөнімдер өндірісі 85,1 мың тоннаны құрап, жылына 4,9%-ға артқан.


Мәселен, осы жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша ет пен құс еті айына 2%-ға және жылына 14,8%-ға, шұжық өнімдері – айына 2,9%-ға және жылына 13,8%-ға, шошқа майы, турама, консервілер, котлеттер, жартылай фабрикаттар және ысталған ет сияқты ет өнімдері айына 2,1%-ға және жылына 13,6%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Биылдың алғашқы үш айында отандық кәсіпорындардың етті қайта өңдеу және консервілеу, сондай-ақ ет өнімдерін өндіру көлемі 101,1 млрд теңгені құраған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,8%-ға артық», - дейді сарапшылар.



2022 жылғы қаңтар-наурызда ет және тағамдық субөнімдер өндірісі 85,1 мың тоннаны құрап, жылына 4,9%-ға артқан. Оның 18,1 мың тоннасы ірі қара малдың, ұсақ малдың, шошқаның, жылқының жас немесе салқындатылған етіне тиесілі, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,3%-ға артық.



«Жаңа піскен немесе салқындатылған құс етін өндіру бір жылда 8,3%-ға өсіп, 27,8 мың тоннаны құрады. 2022 жылғы қаңтар-наурызда еттен, ет тәріздес өнімдерден немесе қаннан дайындалған және консервіленген өнімдерді шығару 25,3 мың тоннаны құрап, 7,6%-ға артты»,- делінген хабарламада.



Отандық компаниялар 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында ет пен тағамдық субөнімдерге деген сұранысты өткен жылдағыдай 92%-ға қамтамасыз етті. Бұл ретте, тікелей құс еті сегментінде өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі небәрі 77,5%-ды құрады, қалғаны тиісінше импортқа түсті.


Ет және ет тәріздес тағамдардан жасалған дайын және консерві өнімдерге сұранысты қазақстандық кәсіпорындар 64,4%-ға қамтамасыз етті, бұл өткен жылдың қаңтар-ақпан айларымен бірдей көрсеткіш (64,9%). Шұжық өнімдеріне деген тікелей сұранысты жергілікті өндірушілер бір жыл бұрынғы 60,1% көрсеткішпен салыстырғанда, 61,7%-ға жаба алды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ет #өнім #қымбаттау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.