AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде эпизоотиялық жағдай тұрақты

Елімізде эпизоотиялық жағдай тұрақты

Әлеумет 06.06.2024, 17:01 1,015
Елімізде эпизоотиялық жағдай тұрақты
Сурет: Gov.kz

ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясы барысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин эпизоотиялық жағдайды сақтау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімдеді.

Оның айтуынша, су тасқыны салдарынан Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында 12 сібір жарасы көміндісін, сондай-ақ БҚО-да 8 мал қорымын су басты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің аумақтық бөлімшелері республикалық ветеринариялық зертханамен бірлесіп, осы көму орындарынан су кеткеннен кейін топырақ үлгілерін алды. Теріс нәтижелер алынғаннан кейін барлық көму орындары профилактикалық дезинфекция жұмыстары жүргізілді.

"Профилактикалық іс-шаралар, соның ішінде жануарларды аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналау нәтижесінде эпизоотиялық жағдай сақталып, аурулар таралуының алдын алуға қол жеткізілді.

Қазіргі уақытта 23 ауруға қарсы профилактикалық вакцинация жүргізілуде, 178,2 млн. манипуляция жүргізу жоспарланған.

Жануарлардың қауіпті және созылмалы жұқпалы ауруларын анықтау мақсатында жануарлардың 26 аса қауіпті аурулары бойынша 74,9 млн диагностикалық зерттеу жүргізу жоспарланған", - деп атап өтті вице-министр.

Жануарлардың, оның ішінде адамдар мен жануарларға ортақ жұқпалы ауруларының қоздырғыштарын әкелуді және таратуды болдырмау мақсатында ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізілуде.

Үшінші елдерге және ЕАЭО елдеріне қатысты 2024 жылы Қазақстан аумағында жоғары патогенді құс тұмауына (Австралия, Үндістанның 4 штаты, АҚШ-тың 30 штаты), африкалық шошқа обасына (Италия, Польша, ОАР), қой мен ешкі шешегіне (Грузия), ұсақ күйіс қайыратындардың обасына (Грузия) уақытша шектеулер енгізілді.

ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетімен ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде және 2024 жылға арналған тамақ қауіпсіздігі бойынша мемлекеттік мониторинг жоспарын іске асыру барысында Комитет ЕАЭО елдерінің 3 кәсіпорны мен сүт және сүт өнімдері бойынша 5 кәсіпорынға қатысты ет өнімдері бойынша ветеринариялық-санитариялық шаралар қабылдады.

ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы бақылаудағы тауарлармен автокөлік құралдарын өткізу кезінде ветеринарлық-санитарлық ережелердің бұзылуына байланысты 458 автокөлік құралымен мал шаруашылығы өнімдерін әкелуге жол берілмеген.

Ветеринариялық бақылауды күшейту шеңберінде ветеринариялық жүйені цифрландыру бойынша жұмыс жүргізілуде, бұл өнімнің қозғалысын неғұрлым тиімді бақылауға және оның цифрлық қадағалануын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда мал шаруашылығы өнімдерінің қадағалану модулі пилоттық режимде барлық өңірлерде іске асырылуда және 2024 жылдың соңына қарай аяқталады.

Оған 1600-ден астам мал сою нысаны, ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханалары, сауда нысандары қосылған, 89 мың №2 нысанды ветеринариялық анықтама және 334 мың сараптама актісі ресімделген.

"Министрлік қабылдаған шаралардың нәтижесінде, РФ мен ҚХР енгізген аусыл бойынша шектеулер алынып тасталды, Ресей мен Қытай нарықтарына мал шаруашылығы өнімдерінің экспорты қайта жанданды.

Бүгінгі таңда кәсіпорындар Қытай нарығына мұздатылған сиыр етін экспорттауға рұқсат алу үшін ҚХР Тізілімінде тіркеу рәсімінен өтуде.

Қытай, Вьетнам, Сингапур, Малайзия, ЕО, Жапония, Иран, Әзірбайжан, Парсы шығанағы елдерімен экспортталатын тауарлар тізбегін кеңейту бойынша жұмыс жалғасуда ", - деп сөзін қорытындылады А.Бердалин.

Ауыл шаруашылығы министрлігі эпизоотиялық жағдайды сақтау, ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдауды жалғастыруда

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Эпизоотериялық жағдай #Қазақстан #Ауыл шаруашылығы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);