ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде электросамокаттарды пайдалану тәртібіне ө...

Елімізде электросамокаттарды пайдалану тәртібіне өзгеріс енгізіледі

Әлеумет 14.11.2021, 09:20 1,222
Елімізде электросамокаттарды пайдалану тәртібіне өзгеріс енгізіледі
Cурет: Inform.kz
«Шағын электр көлік құралы» ұғымы енгізіледі

«Шағын электр көлік құралы» ұғымы енгізіледі


Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр электросамокаттарды жіктеуге және құқықтық реттеуге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Айта кетейік, биыл қазан айында Сенаттың жалпы отырысында депутат Нұртөре Жүсіп өзінің депутаттық сауалында жол қауіпсіздігі мәселесін көтерді.


Осы орайда электросамокаттар, самокаттар мен гироскутерлер тек олардың иелерінің ғана емес, жаяу жүргіншілердің де өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіретіні айтылды.



«Кедендік бақылау аясында техникалық регламенттер мен стандарттарға сәйкес келмейтін электросамокаттардың елге әкелінуін шектеуді енгізу үшін Еуразиялық экономикалық одақ ауқымында техникалық регламентке тиісті толықтыруларды көздеу қажет. Осыған байланысты, биылғы 17 тамызда Еуразиялық экономикалық комиссияға (ЕЭК) «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті аясында реттеу үшін электр самокаттарын қосу бойынша ұсыныс енгізілді. Аталған мәселе мүдделі тараптардың қатысуымен ЕЭК алаңында қаралатын болады», - деді Р. Скляр депутаттық сауалға жауап бере отырып.



Оның айтуынша, тиісті ұлттық стандарттарды әзірлеу Техникалық регламент жаңарғаннан кейін жүргізілетін болады.
Сондай-ақ электросамокаттарды құқықтық реттеу үшін қазіргі таңда ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының бастамашылығымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленген.



«Осы заң жобасы электросамокаттардың жол жүрісіне қатысуын регламенттеу, «шағын электр көлік құралы» ұғымын енгізу, сондай-ақ осы құралдарды басқаратындардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу бөлігінде түзетулерді көздейді. Қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдар осы заң жобасына Үкімет қорытындысының жобасын әзірлеуде. Көрсетілген актілерді қабылдау электросамокаттарды пайдалану мәселелерін құқықтық реттеуді қамтамасыз етеді», - деді Роман Скляр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,438 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,288 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.