Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде электр самокаттарды пайдаланудың ұлттық с...

Елімізде электр самокаттарды пайдаланудың ұлттық стандарттарының жобасы әзірленді

Әлеумет 14.06.2022, 08:28 1,349
Елімізде электр самокаттарды пайдаланудың ұлттық стандарттарының жобасы әзірленді
Сурет: Autonews.ru

Қазақстанда электр самокаттарының жылдамдығына қатысты шектеу енгізіледі.


Бұл туралы «АгромашХолдинг KZ» АҚ базасындағы «Доңғалақты көлік құралдары және ауыл шаруашылығы машиналары» стандарттау жөніндегі №87 техникалық комитетінің төрағасы Ербол Сейпилов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Бұл жоба халықаралық стандарт негізінде жасалды. Осы стандарттың аясына жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан аспайтын электр самокаттары кіреді. Сондықтан осы сипаттағы электр самокаттары велосипед жолдарымен және жаяу жүргіншілер жолағымен де жүре алады. Сонымен қатар, автомобиль жолының шетімен жүрген кезде қозғалыстағы басқа көліктерге кедергі келтірмеуі керек. Осы орайда тиісті қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс», - деді Е.Сейпилов.



Оның айтуынша, жаяу жүргіншілер жолағында электр самокатымен келе жатқан адам алдын ала дыбыс белгісін беріп, ескерту жасауы керек.



«Жалпы, жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан аспайтын электр самокаттарының қозғалысына қатысты шектеулер қарастырылып отырған жоқ. Бұл тұрғыда олар велосипедтер сияқты барлық жерде жүре алады. Ең бастысы, қауіпсіздік талаптарын сақтауы тиіс», - деді Ербол Сейпилов.



Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде мамандармен, жауапты ведомство өкілдерімен бірге жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан асатын электр самокаттарын қай санатқа жатқызу мәселесі талқыланып жатыр. Аталған стандарт самокаттардың жылдамдығы мен басқа да қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін реттейді. Осы орайда бұл құрылғыларда міндетті түрде жарық шамдарының болуы сияқты талаптар ескеріледі.



«Стандарт жобасының алғашқы редакциясын жасадық және бүгін бірінші техникалық талдау жүріп жатар. Осы саладағы қауымдастықтармен, Ішкі істер министрлігі өкілдерімен қарастырып, биыл тамыз немесе қыркүйек айында құжатты қабылдаймыз деп ойлаймын», - деді комитет басшысы.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Электр самокаттар #жылдамдық #шектеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.