KASE-дегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 496,85 теңге болды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Қазақстан Ұлттық банкінің 24 ақпанға белгіленген ресми доллар бағамы - 497,33 теңге.
Kurs.kz дерегінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 496,58 теңгеден сатып алып, 498,92 теңгеден сатады. Астанада доллардың орташа сатып алу бағамы — 494 теңге, сату бағамы — 501 теңге. Шымкентте долларды орта есеппен 496,87 теңгеден сатып алып, 497,93 теңгеден сатады.
Еске салайық, күндізгі сауда қорытындысы бойынша:
16 ақпанда доллар 3,76 теңгеге арзандады,
17 ақпанда — 1,91 теңгеге төмендеді,
18 ақпанда — 0,74 теңгеге төмендеді,
19 ақпанда — 0,11 теңгеге арзандады,
20 ақпанда — 4,89 теңгеге қымбаттады,
23 ақпанда — 1,29 теңгеге өсті.