AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Елімізде егде жастағы адамдарға арналған университ...

Елімізде егде жастағы адамдарға арналған университет бар

Білім және ғылым 13.01.2023, 11:16 1,557
Елімізде егде жастағы адамдарға арналған университет бар
Сурет: Inform.kz

Павлодар педагогика университетінің Қосымша білім беру институтында зейнет жасына дейінгі және зейнет жасындағы азаматтар білім алып жатыр.


ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, институтта «Күміс университет» жобасы іске асырылуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Бүгінде мұнда зейнет жасына дейінгі және зейнет жасындағы 50-ден астам студент білім алады. Егде жастағы адамдарда аптасына бір рет компьютерлік сауаттылық, пішу және тігін, бейнелеу өнері және йога курстарына тегін қатысу мүмкіндігі бар. Университет оқытушылары оларға салауатты өмір салты, психология және басқа да қызықты тақырыптар бойынша дәрістер оқиды.


Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің доценті, биология ғылымдарының кандидаты Бақытжамал Ғабдулхаева «Өз денсаулығың - өз қолыңда» тақырыбында дәрістер оқиды. Ол жүрек-қан тамырлары және басқа да аурулардың даму қаупін азайтуға көмектесетін салауатты өмір салтының негізгі ережелері туралы айтады.


Егде жастағы адамдар тек лекцияларға ғана емес, сонымен қатар семинарларға, шеберлік сабақтарына белсенді қатысады, олар әртүрлі әлеуметтік-мәдени тақырыптарға үлкен қызығушылық танытады. «Күміс университеттің» студенттері оқу жылының соңына дейін сабаққа қатысады. Соңында барлығына сертификат беріледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#университет #Зейнет жасы #күміс университет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);